Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінің қызметкерлері Облыстық мамандандырылған сәбилер үйіне барып, қайырымдылық акциясын өткізді.
Іс-шара барысында сәбилер үйінің тәрбиеленушілеріне ойыншықтар, жеке бас гигиенасы құралдары, балалар тағамы және басқа да қажетті заттар табысталды. Қайырымдылық көмегі ерекше қамқорлық пен қолдауды қажет ететін балаларға көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылды.
Балаларды қорғау халықаралық күні – бала құқықтарын қорғаудың, олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасаудың маңыздылығын еске салатын ерекше мерекелердің бірі. Осыған байланысты мекеме қызметкерлері жыл сайын өскелең ұрпақты қолдауға бағытталған әлеуметтік және қайырымдылық іс-шараларға белсенді қатысып келеді.
Сапар барысында мекеме қызметкерлері балалардың тәрбиелену және өмір сүру жағдайларымен танысып, сәбилер үйінің ұжымымен әңгімелесті. Сондай-ақ олардың адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және өз ісіне деген жауапкершілігі үшін алғыс білдірді.
Ерекше назар бүлдіршіндерге мерекелік көңіл-күй сыйлауға, олардың бойында қуаныш пен шаттық сезімін қалыптастыруға аударылды. Осындай іс-шаралар рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайтуға, мейірімділік пен әлеуметтік жауапкершілікті дамытуға ықпал етеді.
Кездесу жылы әрі достық жағдайда өтті. Мекеме қызметкерлері көрсетілген қамқорлық пен ықылас балаларға қуаныш сыйлап, олардың қоғам тарапынан әрдайым қолдау мен жанашырлыққа ие екенін сезіндіреді деген сенім білдірді.


