Дені сау ұрпақ — мықты мемлекет кепілі

Бүгінгі жаһандық күн тәртібінде адам денсаулығы әлеуметтік, экономикалық және құқықтық тұрақтылықтың негізгі көрсеткіштерінің бірі ретінде айқындалады. БҰҰ ТДМ 3 «Салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және барлық жастағы адамдардың әл-ауқатын арттыру» — қазіргі қоғам үшін стратегиялық маңызға ие басым бағыттардың қатарына жатады. Сонымен қатар, аталған мақсат ТДМ 16 «Бейбіт, әділетті және инклюзивті қоғам құру, баршаға әділ сот төрелігіне қолжетімділікті қамтамасыз ету және тиімді, есеп беретін институттарды қалыптастыру» қағидаттарымен тығыз байланысты. Себебі, халық денсаулығын сақтау тек медициналық мәселе емес, ол құқықтық мәдениет, әлеуметтік жауапкершілік, заң үстемдігі және азаматтардың құқықтық сауаттылық деңгейімен тікелей сабақтас.

Осы тұрғыдан алғанда, Нархоз Университетінің Құқық және мемлекеттік басқару мектебі қоғамның салауатты, әрі құқықтық тұрғыдан саналы болашағын қалыптастыруға елеулі үлес қосып келеді. Денсаулықты қорғау Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген негізгі құқықтардың бірі болып табылады. Құқықтық мемлекет жағдайында азамат тек сапалы медициналық көмек алуға ғана емес, сонымен қатар, өз денсаулығын қорғауға қатысты құқықтарын білуге, қауіпсіз ортада өмір сүруге, әлеуметтік қорғау тетіктерін тиімді пайдалануға қабілетті болуы тиіс. Бұл өз кезегінде ТДМ-16 аясындағы құқық үстемдігін нығайту және азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін арттыру міндеттерімен үндеседі.

Оқу ордасында студенттердің салауатты өмір салтын ұстануына бағытталған әлеуметтік-спорттық іс-шаралар, волонтерлік қозғалыстар, психологиялық қолдау орталықтары және экологиялық бастамалар жүйелі түрде ұйымдастырылады. Студент жастар арасында дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру, белсенді өмір салтын насихаттау, зиянды әдеттердің алдын алу бағытында тренингтер мен ағартушылық дәрістер өткізіледі. Мұндай бастамалар жастардың денсаулығын нығайтып қана қоймай, қоғамда жауапты азаматтық ұстаным мен құқықтық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді.

Әсіресе, Нархоз Университетінің Құқық және мемлекеттік басқару мектебінің студенттері аталған жұмыстарға тек қатысушы ретінде емес, қоғамдық жобаларды ұйымдастырушы, құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізуші және әлеуметтік бастамалардың белсенді үйлестірушісі ретінде араласады. Олар медициналық қызмет көрсету саласындағы азаматтардың құқықтары жөнінде ақпараттық материалдар әзірлеуге, қоғамдық сауалнамалар жүргізуге, құқықтық кеңестер беруге және әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыруға атсалысады. Бұл қызметтер ТДМ-16 шеңберіндегі инклюзивті қоғам құру, азаматтық белсенділікті арттыру және құқықтық қолжетімділікті қамтамасыз ету қағидаттарын жүзеге асырудың нақты көрінісі болып табылады.

Денсаулық сақтау саласының тиімді дамуы тек медицина қызметкерлерінің кәсіби міндетімен шектелмейді. Әрбір азамат өз құқықтары мен заңдық мүмкіндіктерін біліп, мемлекеттік бағдарламалар мен құқықтық тетіктерді тиімді қолдана алған жағдайда ғана қоғамда профилактикалық мәдениет қалыптасып, аурушаңдық деңгейі төмендейді. Осы ретте заңгер мамандардың рөлі ерекше маңызға ие. Олар денсаулық сақтау жүйесіндегі құқықтық қатынастарды реттеу, пациент құқықтарын қорғау, медициналық этика талаптарын сақтау және цифрлық деректер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағыттарында маңызды қызмет атқарады.

Бүгінде Нархоз Университеті ғылыми-инновациялық зерттеулерге басымдық бере отырып, денсаулық сақтау саласындағы құқықтық реттеудің заманауи мәселелерін зерттеуге ерекше назар аударуда. Атап айтқанда, цифрландыру, жасанды интеллект технологияларын құқықтық реттеу, биомедициналық деректерді қорғау, құқықтық мониторинг және ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша зерттеулер жүргізілуде. Бұл бастамалар ТДМ-16 аясындағы тиімді, ашық және заманауи институттарды қалыптастыру міндеттерімен өзара сабақтас.

Халық денсаулығын қорғау мәселесі тек медициналық саясаттың құрамдас бөлігі емес, сонымен қатар құқықтық мемлекет қалыптастырудың, құқықтық сауаттылықты арттырудың, әлеуметтік жауапкершілікті күшейтудің және инклюзивті қоғам құрудың маңызды тетігі болып табылады. Осы бағыттағы Нархоз Университеті жүзеге асырып отырған бастамалар елдің тұрақты дамуына, азаматтық қоғамның нығаюына және ТДМ-ның 3 және 16 міндеттерін тиімді іске асыруға нақты үлес қосады.

Э.С. Куандыкова, Нархоз Университетінің Құқық және мемлекеттік басқару мектебінің PhD докторы, қауымдастырылған профессор

Мемлекеттік қызметке жол ашылды: E-QYZMET.GOV.KZ жүйесі туралы жеке пікірім

Жас маман ретінде мен мемлекеттік қызметке орналасу туралы көптеген...

Признание вины и примирение в уголовном процессе

В уголовном процессе Республики Казахстан особое место занимают институты...

«Посол своей земли»

НАСЛЕДИЕ ОЛЖАСА СУЛЕЙМЕНОВА ПРОДОЛЖАЕТ ОСТАВАТЬСЯ ЗНАЧИМЫМ КУЛЬТУРНЫМ И ОБЩЕСТВЕННЫМ...

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаменті Кемел Тоқаев рухына тағзым етуге арналған патриоттық іс-шара өткізді

Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ұйымдастыруымен...

Семейная трагедия: дополнительные обстоятельства 

СУД ПО ДЕЛУ ОБ УБИЙСТВЕ СЕМЬИ В АТЫРАУСКОЙ ОБЛАСТИ...