Материалдық және моральдық зиянды өтеу жайлы біле жүріңіз

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, материалдық және моральдық зиянды өтеу мәселелері негізінен Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (әрі қарай – АК) арқылы реттеледі.

Яғни, АК-тің 951-бабына сәйкес, моральдық зиян – жеке тұлғалардың өзiндiк мүлiктiк емес игiлiктерi мен құқықтарының бұзылуы, кемсiтiлуi немесе олардан айырылуы, оның iшiнде өзiне қарсы құқық бұзушылықтың жасалуы салдарынан жәбiрленушiнiң, ал осындай құқық бұзушылық салдарынан ол қайтыс болған жағдайда – жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының) басынан кешірген (төзімін тауысқан, уайымға салған) жан азабы немесе тән азабы (қорлау, ызаландыру, қысым жасау, ашуландыру, ұялту, түңілту, тән қиналуы, залал шегу, қолайсыз жағдайда қалу және т.б.) болып табылады.

Заң талаптарына сәйкес, моральдық зиянды зиян келтiрушiнiң кiнәсi болған кезде зиян келтiрушi өтейдi. Яғни, моральдық зиян ақшалай нысанда өтелетінін атап өткен жөн.

АК-тің 952-бабында көрсетілгендей — моральдық зиянның мөлшерiн анықтаған кезде жәбірленушінің не оған қарсы жасалған құқық бұзушылық салдарынан ол қайтыс болған жағдайда жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының) келтiрiлген адамгершiлiк залалдың ауырлығын субъективті бағалауы да, сондай-ақ жәбiрленушiнiң не ол қайтыс болған жағдайда оның жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының) жан азабы мен тән азабының дәрежесiн дәлелдейтiн объективтi деректер де: қол сұғу объектiсi болған игiлiктiң (өмiр, денсаулық, ар-ождан, қадiр-қасиет, бостандық, тұрғын үйге ешкiмнiң тиіспеуi және т.б.) өмірлiк маңыздылығы; құқық бұзушылық зардаптарының ауырлығы (жақын туыстарын өлтiру, мүгедектiкке алып келген дене жарақатын салу, бас бостандығынан айыру, жұмыстан немесе тұрғын үйден айыру және т.б.); ұятқа қалдыратын жалған мәлiметтер тарату сипаты мен аясы; жәбiрленушiнiң өмiр сүру жағдайлары (қызметтік, отбасылық, тұрмыстық, материалдық, денсаулық жағдайы, жасы және басқалары), өзге де назар аударуға тұратын мән-жайлар ескерiледi.

      Зиян келтірушінің кінәсіне қарамастан моральдық зиян мына жағдайларда, егер:

  • зиян азаматтың өмiрi мен денсаулығына жоғары қауiптілiк көзi арқылы келтiрiлсе;

      — зиян азаматқа оның заңсыз сотталуының, заңсыз қылмыстық жауапқа тартылуының, бұлтартпау шарасы ретiнде заңсыз қамауға алуды, үйде қамауда ұстауды немесе ешқайда кетпеуi туралы қолхат алуды қолданудың, қамауда ұстау, психиатриялық емдеу мекемесiне немесе басқа емдеу мекемесiне орналастыру түрiнде әкiмшiлiк жазаны заңсыз қолданудың салдарынан келтiрiлсе;

      — зиян ар-ожданына, қадiр-қасиетi мен iскерлiк беделiне нұқсан келтiретiн мәлiметтер тарату арқылы келтiрiлсе;

      — заң актiлерiнде көзделген өзге де жағдайларда өтелуге жатады.

      Ал заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, азаматтың мүлiктiк құқықтарын бұзатын әрекеттер (әрекетсiздiк) арқылы келтiрiлген моральдық зиян өтелуге жатпайды.

           Сонымен қатар, азаматтар сотқа моральдық зиянды өндіру бойынша талап арыздан басқа материалдық зиянды өндіру бойынша талап арыздармен де жүгінеді.

Материалдық зиян дегеніміз – сот мөлшерін өз қалауына қарай айқындай алатын моральдық залал емес. Яғни, материалдық зиян өндіру туралы талап нақты есептік құжаттармен, жеткілікті және нанымды дәлелдемелермен, сандық деректермен дәлелденуге тиіс болып табылады.

АК-тің 917-бабына сәйкес — азаматтар мен заңды тұлғалардың мүлiктiк немесе мүлiктiк емес игiлiктерi мен құқықтарына заңсыз iс-әрекеттермен (әрекетсiздiкпен) келтiрiлген (мүлiктiк және (немесе) мүлiктiк емес) зиянды, оны келтiрген тұлға толық көлемiнде өтеуге тиiс болып табылады.

      Заң актiлерiнде зиянды өтеу мiндетi зиян келтiрушi болып табылмайтын тұлғаға жүктелуi, сондай-ақ өтеудiң неғұрлым жоғары мөлшерi белгiленуi мүмкiн.

      Зиян келтiрушi, АК-пен көзделген жағдайларды қоспағанда, егер зиян өзiнiң кiнәсiнен келтiрiлмегендiгiн дәлелдесе, оны өтеуден босатылады.

           Материалдық залалға мыналар жатады:

  • мүліктің сынуы немесе жоғалуы;
  • көлік жөндеу;
  • басқа да қаржылық шығындар.

Материалдық зиянды өтеу үшін жәбірленуші:

  • дәлелдер;
  • чек;
  • фото;
  • сараптама қорытындысы;
  • куәгерлер жауабын ұсынуы қажет.

Егер адам заң талаптарын сақтамай, өзгеге зиян келтірсе, ол әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке де тартылуы мүмкін екенін білген  жөн.

Сәрсен Амантайұлы Амантаев, Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы

ЕНУ расширяет сотрудничество с ведущими вузами России

Евразийский национальный университет им. Л. Н. Гумилева заключил соглашение...

ЕҰУ Ресейдің жетекші жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты кеңейтуде

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Бүкілресейлік сыртқы сауда...

Государственным служащим города Алматы даны разъяснения

Сегодня заместителем руководителя Департамента Агентства по делам государственной службы...

Государственным служащим города Алматы даны разъяснения

Сегодня руководителем Управления контроля в сфере государственной службы Департамента...

Электронды үкімет және мемлекеттік қызмет

Қазіргі заманда технологияның дамуы...