Қоғамдағы мейірімділіктің маңызы

Қазіргі таңда қоғамның дамуы тек экономикалық немесе технологиялық жетістіктермен ғана емес, адамдар арасындағы адамгершілік құндылықтармен де өлшенеді. Сол құндылықтардың ең асылы – мейірімділік. Мейірімділік – адам бойындағы ізгі қасиеттердің бастауы, өзара сыйластық пен татулықтың негізі.
Қоғамда мейірімділік болған жерде бірлік пен түсіністік орнайды. Бір-біріне жанашырлық танытып, қолдау көрсету – адамдар арасындағы сенімді нығайтады. Әсіресе қазіргі қарбалас заманда адам баласына жылы сөз айтып, көмек қолын созудың маңызы зор. Өйткені кейде қарапайым қамқорлықтың өзі бір адамның өміріне үлкен үміт сыйлауы мүмкін.
Мемлекеттік қызмет саласында да мейірімділік пен әдептілік ерекше рөл атқарады. Азаматтармен жұмыс барысында сабырлылық танытып, олардың мәселесіне түсіністікпен қарау – кәсіби мәдениеттің маңызды бөлігі. Әрбір азамат әділдікпен қатар адамгершілік қарым-қатынасты да күтеді. Сондықтан қызмет барысында ізгілік қағидаларын сақтау қоғамның сот жүйесіне деген сенімін арттырады.
Мейірімділік – тек жеке адамға тән қасиет емес, ол тұтас қоғамның рухани деңгейін көрсететін өлшем. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, мұқтаж жандарға көмек беру – халқымыздың ежелден келе жатқан асыл дәстүрі. Осындай құндылықтарды жас ұрпақтың бойына сіңіру арқылы біз болашағы берік, ынтымағы жарасқан қоғам қалыптастыра аламыз.
Қорыта айтқанда, мейірімділік – адамзат өмірін көркейтетін, қоғамды біріктіретін күш. Әр адам айналасына жақсылық жасап, ізгі қарым-қатынас танытса, қоғамда өзара сенім мен татулық нығая түседі. Сондықтан мейірімді болу – әрқайсымыздың азаматтық әрі адамгершілік борышымыз.


Бахытжанова Зарина Бахытбекқызы, Шымкент қаласының мамандырылған ауданаралық экономикалық сотының бас маманы сот отырысының хатшысы

Сила партнерства: как Гражданский Альянс Казахстана строит цифровую демократию

Гражданский альянс выступает главным мостом между государством и обществом....

Тау кластеріне қатысты бірнеше экологиялық миф жоққа шығарылды

Almaty Super Ski жобасын қоғамдық талқылау барысында қоғам қайраткері...

Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің негізі

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік тіл...

Молодёжь поддержала проект Almaty Superski на общественных слушаниях

Сегодня во Дворце школьников с раннего утра проходят общественные...

 Стать поручителем по кредиту

МНОГИЕ ВОСПРИНИМАЮТ ПРОСЬБУ СТАТЬ ПОРУЧИТЕЛЕМ ПО КРЕДИТУ КАК НЕЧТО...