Елімізде ҰБТ-2026 басталды: Тестілеу 10 шілдеге дейін жалғасады 

Қазақстанда негізгі ҰБТ-2026 басталды. Тестілеу науқаны 10 шілдеге дейін жалғасып, ел бойынша 45 тестілеу орталығында өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, алғашқы күні тесті 926 талапкер тапсырып жатыр. Оның 359-ы – Астанада.

Ұлттық тестілеу орталығының хабарлауынша, тестілеуге қатысу үшін шамамен 240 мың адам өтініш берген. Талапкерлерге тесті екі рет тапсыру мүмкіндігі берілгендіктен, жалпы өтініш саны 446 мыңнан асқан.

Биыл да ең танымал бейіндік пәндер комбинациясы – «Математика – Физика». Бұл бағытты талапкерлердің 17,9 пайызы таңдаған. Одан кейін «Биология – Химия» комбинациясы – 14,5 пайыз, ал шығармашылық емтихан бағыттары – 12,4 пайыз.

Биыл тестілеу форматы өзгерген жоқ. Талапкерлер үш міндетті пән мен таңдаған екі бейіндік пән бойынша емтихан тапсырады. Жалпы саны 120 тапсырма берілген. Ең жоғары нәтиже – 140 балл.

Тестілеу кезінде қатысушылар кіріктірілген калькуляторды, Менделеев кестесін және тұздардың ерігіштік кестесін, соның ішінде қағаз нұсқасын да пайдалана алады.

Шекті балл деңгейі өзгеріссіз қалды:

  • ұлттық жоғары оқу орындары үшін – 65 балл;
  • қалған университеттер үшін – 50 балл.

Ал «Педагогикалық ғылымдар» және «Құқық» бағыттарына түсу үшін кемінде 75 балл жинау қажет. «Денсаулық сақтау» мамандықтарына шекті көрсеткіш – 70 балл.

Тестілеу орталықтарында бақылау шаралары күшейтілген. Металл іздегіштер, бейнебақылау жүйелері және мобильді байланысты бұғаттайтын құрылғылар қолданылып жатыр.

Бейнежазбаларды тексеру 31 қазанға дейін жалғасады. Егер ереже бұзу фактілері анықталса, талапкерлердің ҰБТ нәтижелері мен білім гранттары күшін жоюы мүмкін.

Тоқаев Үкімет алдына жаңа міндеттер қойды: Президент Бектеновке не тапсырды? 

Мемлекет басшысы экономикалық өсім, мемлекеттік басқару және халықтың әл-ауқатына қатысты нақты тапсырмалар берді.

Олжас Бектенов Премьер-министр лауазымына тағайындалды 

Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасының Премьер-министрі лауазымына тағайындалды.

Құрылтай Ерлан Кариннің Вице-президент қызметіне кандидатурасын мақұлдады 

Құрылтайдың жалпы отырысында Ерлан Қариннің кандидатурасын Құрылтайдың 141 депутаты...

ІІМ жаңа оқу жылы қарсаңында балалардың қауіпсіздік шараларын күшейтті 

7 мыңнан астам мектеп полицияның жедел басқару жүйесіне қосылған.