Абай облысында ҚАЖ мекемесі бастығының орынбасары сотталғандарды жұмыспен қамтуды және өндірісті дамытуды қамтамасыз етуде

Абай облысында сотталғандарды жұмыспен қамту және оларды қайта әлеуметтендіруге бағытталған қылмыстық-атқару жүйесін дамыту бойынша шаралар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Бұл бағыттағы жұмысқа Абай облысы бойынша ҚАЖД №20 мекемесі бастығының жалпы мәселелер және сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру жөніндегі орынбасары Жангасканов Серик Бектурганович елеулі үлес қосуда. Оның жетекшілігімен 500-ден астам сотталғанға жұмыс орындары құрылып, сондай-ақ 15 жеке кәсіпкерлік пен 3 жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қызметі жолға қойылған.

Серик Бектурганович 1984 жылы Семей өңірінде дүниеге келген. Қылмыстық-атқару жүйесіндегі қызметін 2004 жылы Павлодар заң колледжін бітіргеннен кейін Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ басқармасының ОВ-156/18 мекемесінің режим бөлімінде жедел уәкіл лауазымынан бастаған.

Жалпы қызмет өтілі 20 жылдан асады. Осы уақыт ішінде ол кәсіби тұрғыда қалыптасудың барлық кезеңдерінен өтіп, өзін білікті, тәртіпті әрі принципшіл қызметкер ретінде көрсете білді.

2020 жылдан бастап Абай облысы бойынша ҚАЖД №20 мекемесі бастығының орынбасары қызметін атқарып келеді. Оның негізгі қызмет бағыттарының қатарында сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру, өндірістік қызметті дамыту және жұмыспен қамтудың тиімді тетіктерін енгізу бар. Сонымен қатар сотталғандарды қайта әлеуметтендіру, олардың еңбек дағдыларын қалыптастыру және қоғамға қайта оралуға дайындау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді.

Оның қызметінде тәлімгерлік маңызды орын алады. Серик Жангасканов жас қызметкерлерді даярлауға белсене қатысып, оларға тәжірибелік білімін беріп, кәсіби бағдар қалыптастырады. Оның жетекшілігінен өткен көптеген қызметкерлер бүгінде табысты қызмет атқаруда.

– Серик Бектурганович – мекемеміздің ең тәжірибелі әрі сенімді басшыларының бірі. Ол әсіресе сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бағытында мекеменің дамуына елеулі үлес қосып келеді. Оның жұмысының нәтижесінде жүздеген жұмыс орындары құрылып, кәсіпкерлермен өзара іс-қимыл жолға қойылды. Сондай-ақ жас кадрларды даярлау ісіндегі еңбегін ерекше атап өтемін, – деді мекеме бастығы Женисбек Дауренбеков.

Қызметімен қатар ол – үлгілі отағасы, төрт баланың әкесі. Жұбайы Эльмирамен бірге балалар тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, отбасында құрмет, жауапкершілік және еңбекқорлық құндылықтарын қалыптастыруда. Үлкен қызы Аяжан жуырда 20 жасқа толса, кенже қызы 10 жасқа толған. Отбасы – оның өміріндегі басты тірек әрі кәсіби қызметіне мотивация беретін маңызды фактор.

Оның кәсіби жолы – мемлекетке адал қызмет етудің, жоғары жауапкершіліктің және қылмыстық-атқару жүйесі міндеттерін жүзеге асыруға қосқан жеке үлесінің айқын үлгісі.

Ушел из жизни экс-депутат Мажилиса Валерьян Землянов

Известный общественный и государственный деятель, бывший депутат Мажилиса Парламента...