Мерекелік концерт өтті

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Атырау облысы бойынша ҚАЖД қарасты №79 мекемесі жанындағы мектеп пен колледж білім алушыларының бірлесуімен мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – түрлі ұлт өкілдерінің достығы мен татулығын дәріптеу, жастар арасында бірлік пен өзара құрмет құндылықтарын қалыптастыру.

Концерттік бағдарлама барысында білім алушылар өз өнерлерін ортаға салып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Іс-шара аясында ән, би, ұлттық дәстүрлерді насихаттайтын шығармашылық нөмірлер ұсынылды. Әрбір қойылым халықтар достығы мен мәдени әртүрліліктің маңызын айқын көрсетті.

Аталған іс-шара мектеп пен колледж арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етті.

Абай облысында қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде сотталғандар арасында айтыс өтті

Қазақстан халқының дәстүрлері қоғамдық өмірдің маңызды бөлігі болып қала...