Мұрагерлік құқықтық тиімді қорғау өзекті

Мұрагерлік – құқықтық тұрғыдан реттелетін рәсімнің бірі. Ал мұрагерлік құқық тек мүліктік қатынастарды реттеп қоймайды. Бұл азаматтардың құқықтық сеніміне тікелей әсер ететін, әлеуметтік әділеттілік қағидатына көзін жеткізетін және құқықтық мемлекет қағидаларын қамтамасыз етуге көмектесетін маңызды тетік.

Соттарда мұрагерлік туралы заңнаманы қолданудың бірыңғай тәжірибесі қалыптасқан. Елімізде жыл сайын орта есеппен шамамен 7000 мұрагерлікке қатысты дау қаралады. Мұндай істерді сотта қарауда бірқатар мәселелер кездеседі. Мәселен мұрагерліктің нақты қабылданғаны туралы дәлелдемелердің толықтығына қарамастан, нотариустар көбінесе мұрагерлік құқығы туралы куәлік беруден бас тартады. Сондай-ақ мұрагерлікке қатысты азаматтардың құқықтық сауаты әлі де кем. Соның салдарынан мұраны қабылдау уақытын өткізіп алу жағдайлары, мұрагерлікті сауатты рәсімдеуде кемшілік көп кездеседі.

         Сот практикасындағы өзекті тақырып болғандықтан жақында Жоғарғы Сотта мұрагерлікке қатысты дауларды қараудың мәселелері талқыға салынды. Осы айтулы жиында жұмысы мұрагерлік құқықпен байланысты құзырлы органдардың өкілдері арнайы шақырылып, тәжірибеде кездесетін кедергілерді ортаға салды.

         Расында да мұрагерлік құқыққа байланысты мәселелерді дер кезінде анықтап, шешу жолдарын табу кезек күттірмейді. Заңдық тұрғыдан алар болса, Азаматтық кодекстің 1072-бабы 1-бөлігінде көрсетілгендей мұра ашылған күннен бастап алты ай ішінде қабылдануы керек. Алайда бұл норма көбіне-көп сақтала бермейді. Азаматтардың мұраны қабылдау, мұрадан бас тарту уақытын өткізіп алуы сот жүктемесін арттыруға айтарлықтай әсерін тигізеді. Мұндай жағдайдың алдағы уақытта да қайталануына жол бермеу үшін мәселенің салдарымен күресіп қоймай, себебіне үңіліп, түйткілді шешу жолдарын табу маңызды.   

         Осы тұрғыдан алғанда мұраны өткізіп алудың бірнеше себебін көрсетуге болады.

Біріншіден, азаматтар құқықтық ақпараттың жеткіліксіздігінен, заңдық сауатының төмендігінен мұраны қабылдау уақытын өткізіп алады.

Екіншіден, мұра қалдырушының өмірден өтуі жақындарына психологиялық ауыр соққы боп тиеді. Жақынын жоғалту әрине ауыр. Осы қайғылы жағдайдан күйзелген азаматтардың дер кезінде мұрагерлік құқықты рәсімдемеуі қалыпты жағдай.

Үшіншіден, қазақы салт-дәстүрді де негізгі себептің бірі ретінде көрсетуге болады. Себебі көз жұмған адамды жер қойнына тапсырып, жерлеу, жетісі, қырқы, жүздігі секілді ұлттық жөн-жоралғыларды өткізу де айтарлықтай уақытты алады.

Төртіншіден, құжаттарды рәсімдеуде де кедергілер кездесіп қалып жатады.

Міне осындай себептердің салдарынан азаматтар нотариалдық рәсімдерді кейінге қалдырып, ақыры өз құқығын сот арқылы қалпына келтіруге мәжбүр болады.

         Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2009 жылғы 29 маусымдағы «Соттардың мұрагерлік туралы заңнаманы қолданудың кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулысында соттарға мұрагерлік дауларды қарау кезінде заң талаптарын қатаң сақтау, дәлелді себептерді жан-жақты зерттеу, мұрагерлердің құқықтарын барынша қорғау қажеттілігі айқындалған. Десек те, мұрагерлік құқыққа байланысты дауларды азайтқымыз келсе, мұраны қабылдау уақытын қазіргі 6 айлық мерзімнен ұзарту орынды болар еді. Сондай-ақ мұрагерлікке байланысты заңдық тетіктер туралы құқықтық кеңестер беріп, бұқаралық ақпарат құралдарында азаматтардың сауатын көтеруге бағытталған мақалаларды үзбей жариялап тұрған абзал.

         Мұрагерлік қатынастар – құқықтық саладағы өте тартысты әрі өте нәзік мәселе. Мұндай дауларды соттан тыс, ақылға қонымды мерзімде және азаматтарды әуре-сарсаңға салмай шешудің механизмін қалыптастыру аса маңызды болып отыр.

 Рустам Измайлов,

Алматы қаласы,

Әуезов аудандық №2 сотының судьясы

ЦИФРОВИЗАЦИЯ ГРАЖДАНСКОГО ПРОЦЕССА В РЕСПУБЛИКЕ КАЗАХСТАН: ПРАВОВЫЕ ПРЕИМУЩЕСТВА И ОТДЕЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМНЫЕ АСПЕКТЫ

Сапарбекова Ж. С м.ю.н., старший преподаватель КазНу имени Аль-Фараби Бахтияров С. Б. Студент...

«Что делать, если вы получили повестку в суд»

Судебная повестка — вот сигнал, что вас включили в...

Заңды өкіл кәмелетке толмаған баласының қайыр сұрағаны үшін жазаланды

Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен...

Жаңа Конституция: жаңару мен әділетті қоғамның кепілі

Қоғам дамуының әр кезеңі жаңа талаптар мен тың көзқарастарды...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Бүгін Абай университетінде «Бос орындар жәрмеңкесі» болып өтті. Мақсаты...