АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Бүгін Абай университетінде «Бос орындар жәрмеңкесі» болып өтті. Мақсаты – жоғары оқу орнын тәмамдағалы отырған түлектерді жұмыс берушілермен тікелей байланыстырып, олардың кәсіби бағдарын айқындауға көмектесу. Жәрмеңкеде 250-жуық мекеме жас мамандарға арналған бос жұмыс орындарын ұсынып, болашақ педагогтарды өздеріне жұмысқа шақырды.

Абай университетінде жұмыс берушілермен серіктестік жылдан-жылға нығайып келе жатыр. Мәселен, университет былтыр 64 мекемемен меморандумға отырса, биыл бұл көрсеткіш 78-ге жеткен. Сонымен қатар 175 білім беру ұйымымен тұрақты келісімшарт негізінде тәжірибе базасы ретінде жұмыс істейді. Бұл – сапалы маман даярлаудағы нақты нәтиже.

Жұмыс берушілер өздеріне қажетті сапалы кадр таңдауда осындай іс-шаралардың маңызды екенін айтады. Солардың бірі университет кешегі түлегі, бүгінгі Алматы қалалық №171 мектептің директоры Нұрдаулет Серікұлы:

– Біз осы білім ордасында сапалы білім мен тағылымды тәрбие алдық. Ұстаздардан үйренгеніміз кәсіби өмірімізде үлкен рөл атқарды. Табысқа жетудің басты жолы – адал еңбек пен үздіксіз ізденіс, – дейді.

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне еліміздің түкпір-түкпірінен келген250-ге жуық мекеме қатысты. Олардың қатарында мектептер, колледждер, балабақшалар мен білім беру ұйымдары бар. Жұмыс берушілер жәрмеңкеде түрлі бағыттағы 1214 бос жұмыс орнын ұсынды.

Іс-шара аясында «mansap-bosoryn.kz» цифрлық платформасы таныстырылып, түлектерге онлайн түрде жұмысқа өтінім беру мүмкіндігі іс жүзінде көрсетілді Мұнда бос жұмыс орындары жарияланып, бітіруші түлектер тікелей өтінім бере алады. Жіберілген өтінімдер бірден жұмыс берушінің электронды поштасына және WhatsApp байланыс нөміріне жолданады. Сол арқылы жұмысқа орналасу үдерісі жедел, ашық әрі тиімді форматта жүргізіледі.

Айта кетейік, биыл Абай университетін бакалавриат деңгейінде 81 білім беру бағдарламасы бойынша 2800 студент тәмамдайды. Олардың басым көпшілігі шет тілі, қазақ тілі мен әдебиеті және дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері. Ал 52 мамандықпен 688 білім алушы магистр ғылыми дәрежесін алып, еңбек нарығына жол тартпақ. Бітіруші түлектердің шамамен 70 пайызы мемлекеттік білім гранты негізінде оқыған.

Отбасылық дауларды шешудегі медиацияның маңызы

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ұлттың рухани және адамгершілік...

МОНИТОРИНГ ЭНЕРГООБЪЕКТОВ

В Казахстане продолжается цифровая модернизация энергетической отрасли. В рамках Года...

Медиамост для миллионов: как казахстанский стартап DARHAN RADIO объединил Центральную Азию и её глобальную диаспору

Цифровые границы стираются быстрее, чем географические. Казахстанский проект DARHAN...

ПОЛОЖИТЕЛЬНАЯ ДИНАМИКА

АКТУАЛЬНЫЕ ВОПРОСЫ СЕЛЬСКОХОЗЯЙСТВЕННОЙ СФЕРЫ, РЕАЛИЗАЦИИ НОВЫХ ИНИЦИАТИВ БЫЛИ РАССМОТРЕНЫ В ХОДЕ СОВМЕСТНОЙ ВСТРЕЧИ МИНИСТРА СЕЛЬСКОГО ХОЗЯЙСТВА АЙДАРБЕКА САПАРОВА И АКИМА АЛМАТИНСКОЙ ОБЛАСТИ МАРАТА СУЛТАНГАЗИЕВА С ПРЕДСТАВИТЕЛЯМИ АГРОПРОМЫШЛЕННОГО КОМПЛЕКСА, СЕЛЬХОЗФОРМИРОВАНИЙ, ПРОФИЛЬНЫХ ВЕДОМСТВ, АКИМАТОВ И ФИНАНСОВЫХ ИНСТИТУТОВ РЕГИОНА. Следует отметить, что Алматинская область занимает...

« ИГРЫ БУДУЩЕГО 2026»

С 29 ИЮЛЯ ПО 9 АВГУСТА 2026 ГОДА СТОЛИЦА КАЗАХСТАНА ВПЕРВЫЕ СТАНЕТ ЭПИЦЕНТРОМ МИРОВОГО СПОРТА И КИБЕРСПОРТА. В ЭТИ ДНИ В АСТАНЕ ПРОЙДЕТ МЕЖДУНАРОДНЫЙ МУЛЬТИСПОРТИВНЫЙ ТУРНИР «ИГРЫ БУДУЩЕГО 2026» (GOTF...