сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті

МҚІА Қарағанды облысы бойынша департаментінде алдағы 5 жылға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға қалалық мәслихат депутаттары, қоғам, өңірлік кәсіпкерлер палатасының, жоғары оқу орындарының өкілдері, сондай-ақ облыстық Қоғамдық кеңестің мүшелері қатысты.
Талқылау барысында қазіргі заман талаптарын ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастырудың негізгі тәсілдері мен бағыттары қарастырылды.
МҚІА Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Ж.Сәрсен әзірленіп жатқан стратегиялық құжаттың басым бағыттарын айқындап, мемлекет пен қоғам күш-жігерін біріктірудің маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ қатысушыларды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына белсенді қатысуға және халықтың әртүрлі топтары арасында ұсыныстар жинауға шақырды.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушыларға құжатты жетілдіру барысында ескеру үшін өз ұсыныстары мен бастамаларын Департаментке жолдау ұсынылды

Жемқорлыққа жол жоқ

Елбасы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жахандық бәсекеге  қабілетті» атты Жолдауында ...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – қоғамның ортақ міндеті

Сыбайлас жемқорлық – кез келген мемлекеттің дамуына кедергі келтіретін...

Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек

Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек — бұл...

Тіл ұлттың аса ұлы игілігі

Тіл ұлттың аса ұлы игілігі, әрі оның ажырағысыз белгісі....