Сот құрылыс нысанында жарақат алғаны үшін ЖШС-дан моральдық зиян өтемақысын өндіріп алды

Целиноград аудандық сотында жоғары қауіптілік көзі болып танылатын «N» ЖШС-нен келтірілген моральдық зиянды өндіру туралы Е.-нің талап қоюы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сотта келесі анықталды.

Жылжымайтын мүлік агенттігінің сату бөлімінің басшысы Е. құрылыс компаниясы «N» ЖШС-ның шақыруымен салынып жатқан тұрғын үй кешенінің таныстыру шарасына қатысқан.

Құрылыс нысаны аумағында Е. шашылып жатқан керамзитке тайып құлап, тобық буынын жарақаттаған. Медициналық қорытындыға сәйкес, Е.-ге «сол жақ жіліншік сүйегінің сүйек сынықтарының ығысуымен жабық сынуы» диагнозы қойылған.

Алған жарақатына байланысты Е. бірнеше отаудан өткен, қазіргі уақытта оңалту курсынан өтуде, алда металл конструкциясы мен сымдарын алып тастау және кейінгі қалпына келтіру бойынша тағы бір отау жасалуы қажет, жұмыс істеу мүмкіндігінен айырылған. Дәрі-дәрмек пен медициналық процедураларға қаражат жұмсалған.

Жауапкер «N» ЖШС-і талап арызды мойындамай, талапкер жарақатты өзінің абайсыздығынан алғанын айтты.

Сот Е.-нің талап арызын келесі негіздер бойынша қанағаттандырды:

  • Құрылыс нысаны «N» ЖШС-ға тиесілі және жоғары қауіптілік көзі болып табылады.
  • Е.-нің денсаулығына құрылыс нысанында зиян келтірілгені дәлелденді, бұл куәгерлердің айғақтарымен және медициналық құжаттармен расталды.
  • Жауапкер тарапынан құрылыс нысаны аумағында таныстыруға шақырылған қатысушылардың қауіпсіз кіруін қамтамасыз ету талаптары сақталмаған.
  • Жауапкер ЖШС-і талап қоюшы тарапынан өрескел абайсыздық болғанын дәлелдейтін айғақтарды ұсынбады.

Сот шешімімен талап қоюы қанағаттандырылып, ЖШС-дан Е.-нің пайдасына 850 мың теңге моральдық зиян өтемақысы және соттағы өкілдің қызметіне 150 мың теңге шығын өндірілді.

Облыстық сот алқасының қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз қалдырылды.

Сот актілері заңды күшіне енді.

Ақмола облысы Целиноград аудандық соты

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНДА ТМД ЕЛДЕРІ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ФОРУМЫ АЛҒАШ РЕТ ӨТТІ

2026 жылғы 29 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан...

Президент Жолдауы және ел болашағы: Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұловтың METU студенттерімен тағылымды кездесуі

         Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде (METU) студенттердің Қазақстан Республикасы Ұлттық...

Көкшетауда «Тайталас» кітабы таныстырылды: туындының кейіпкері де тұсаукесерге қатысты

Көкшетауда Мәлік Ғабдуллин музейі ұйымдастыруымен белгілі журналист Байқал Байәділдің...

Кәмелетке толмаған баламен кездесу тәртібін анықтау

Кәмелетке толмаған баламен кездесу тәртібін анықтау мәселесі ерлі-зайыптылардың некесі...

Заң үстемдігі – әділетті қоғамның берік негізі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 28 қазандағы «Жаңа тарихи...