Мемлекеттік тіл – сот төрелігінің негізгі қағидаты

Мемлекеттік тіл – кез келген тәуелсіз мемлекеттің негізгі нышандарының бірі болып табылады әрі қоғамдық қатынастарды реттеудің маңызды құралы. Мемлекеттің тілдің қолданылуын қамтамасыз ету, әсіресе сот жүйесінде, құқықтық мемлекетті қалыптастырудың басты негізгі бағыттарының бірі ретінде танылады.

Сот төрелігін жүзеге асыру барысында мемлекеттің тілдің басымдығы Қазақстан Республикасының Конституциясында және қолданыстағы нормативтің заңнамаларда бекітілген. Сот ісін жүргізу мемлекеттік тілде жүзеге асырылады, атап айтқанда, 2026 жылдың қаңтар-сәуір айларындағы статистикалық мәліметтерге сәйкес, сотқа 4137 талап арыздар түскен, оның 629-ы мемлекеттік тілде, яғни 15,2%-ды құрайды, бұл өткен 2025 жылмен салыстырғанда көрсеткіштің аз екендігін көрсетеді: 2025 жылы сотқа 3127 сотқа талап арыз түсіп, оның 562-і мемлекеттік тілде болып, 18%-ды құраған. Осыған байланысты мемлекеттік тілдің сот жүйесінде кеңінен қолданылуын қамтамасыз ету мақсатында  мемлекеттік органдармен бірлесіп бірқатар жұмыстар атқарылуда.

Сот жүйесінде мемлекеттік тілдің тиімді қолданылуы сот актілерінің сапасына, құқықтық нормалардың дұрыс түсіндірілуіне және азаматтардың құқықтарын қорғау деңгейіне әсер етеді. Сот құжаттарының мемлекеттік тілде сауатты, әрі нақты жазылуы құқықтық айқындықты қамтамасыз етеді және құқық қолдану тәжірибесін біріздендіруге ықпал етеді.

Сонымен қатар, мемлекеттік тілдің сот төрелігінде қолданылу аясын кеңейту сотқа деген қоғамдық сенімді арттырудың маңызды факторы болып табылады. Осыған байланысты сот саласы қызметкерлерінің тілдік құзыреттілігін арттыру, мемлекеттік тілде іс жүргізуді жетілдіру мәселелері әлі де болса өзекті тақырыптар болып қала бермек. Бұл аталған шаралар сот төрелігінің сапасын арттыруға және заң үстемдігін қамтамасыз етуге тікелей бағытталған.

Мемлекеттік тілдің сот жүйесіндегі орны ерекше. Оны дамыту және кеңінен қолданылу аясын кеңейту – құқықтық мемлекетті нығайтудың, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын тиімді қорғаудың басты кепілі.

А.К. Мухсинова, Орал қаласының №2 сотының бас маман-сот отырысының хатшысы

Полицияның бір күні: әр айғаққа жауапкершілік

Түркістан облысының полицейлері қылмыстық істер бойынша айғақ заттарды қабылдау,...

Сомалар алдын ала жазылған шарттар мен кінәні мойындау – Боқаевтың ісі бойынша сот жалғасып жатыр

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында Санжар Боқаевқа, оның жиені...

Правовые основы формирования циркулярной экономики

Казахский национальный университет им. Аль-Фараби организовал международную научно-практическую конференцию...

Циркулярлық экономиканы қалыптастырудың құқықтық негізі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Кеден, қаржы және экологиялық...