Ана тілім — өз тілім

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл — қазақ тілі туралы айтылып та, жазылып та жүргелі біраз болды.

Өкінішке орай, биік-биік мінберлерден қазақ тіліне қатысты айтылған сөздер популисттік ұран екеніне көзіміз енді жеткендей.

Бірақ, тілдің жауапкершілігін тек жоғарыдағылар мен зиялы қауым өкілдеріне артып қоюымыз дұрыс емес. Тілдің қолданылу аясын кеңейтеміз десек, қарапайым қажеттілік туындатуымыз керек. Әрі бұл жоғары деңгейде заңмен бекітілсе, кез-келген талпынған адам үйренері сөзсіз.

Ғаламдық сандарға сүйенсек, бүгінгі таңда әлемде 4500-6000 шамасында ұлттар мен ұлыстар бар екен. Жыл сайын ондаған ұлттар жойылып, жоғалып кетіп жатыр. Ондай шағын ұлттар өз ана тілі мен дәстүрін, тарихын сақтамағандықтан ұлтсызданып, өзге үлкен ұлттардың құрамына еніп жатады.

Әлеуметтік желілерде тіл патриоттарының ас мәзірін тек ресми тілде ұсынатын қоғамдық тамақтану орындарындарына жасаған рейдтері тіл мәселесінің шешімі емес. Әлемде орын алып жатқан геосаяси шиеленісті ескерсек, керісінше, салдары біз ойламаған қауіп қатерге әкеп соғуы мүмкін. Оның үстіне арандатушылардан сақ болғанымыз абзал.

Қазақ тілінің қолдану аясының сот жүйесіндегі көрсеткіші бұрынғыдан жақсы деуге болады. Бірақ сотқа арызды ресми тілде берсек, жеңіске жету мүмкіндігім жоғары деген қате ұғым әлі де болса жойылмады. Сот тәжірибесінен мысал келтірсем: талап қоюшы өкілі арызды өзіне ыңғайлы ресми тілде әзірлеп сотқа жолдайды. Сот отырысында сенім білдірушісі тек өз ана тілі яғни қазақ тілінде түсініктеме бере алатыны белгілі болды. Сот талап қоюшының жазбаша арызы негізінде іс жүргізу тілін мемлекеттік тілге ауыстырды. Бұл өз кезегінде жауапкердің пікірін, уәжді ұстанымын, іс бойынша өзге де құжаттарды қазақ тіліне аударуға, сәйкесінше отырысты кейінге қалдыруға әкеп соқты. Өкініштісі мұндай мысалдар көбеймесе азаятын емес.

Қорытатын болсам, баламды орыс сыныбына берсем ғана өмірден өз орнын тауып, жетістікке жете алады деген құлдық санадан арылатын уақыт жетті. Қазақ тілі тек бата беріп, тойда тілек айтатын тіл болып қалмауы тиіс. Әр қазақ өз отбасында, араласатын ортасында, қоғамдық орындарда ана тілінде сөйлеуге дағдыланса бұл сұрақ өздігінен шешімін табар еді. Мың өліп, мың тірілген қазақ халқы да кеңес заманында өз елінде азшылық болып, ана тілінен, дәстүрінен қол үзіп қала жаздағаны тарихтан мәлім. Қазір тәуелсіздігіміздің арқасында ұлттық тіліміз бен дәстүріміз, тарихымыз қайта жаңғырып жатыр. Еліміздің ең үлкен жетістігі де осы деп білемін!

Т.Т. Аликулов, Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының бас маман-сот отырысының хатшысы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНДА ТМД ЕЛДЕРІ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ФОРУМЫ АЛҒАШ РЕТ ӨТТІ

2026 жылғы 29 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан...

Президент Жолдауы және ел болашағы: Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұловтың METU студенттерімен тағылымды кездесуі

         Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде (METU) студенттердің Қазақстан Республикасы Ұлттық...

Көкшетауда «Тайталас» кітабы таныстырылды: туындының кейіпкері де тұсаукесерге қатысты

Көкшетауда Мәлік Ғабдуллин музейі ұйымдастыруымен белгілі журналист Байқал Байәділдің...

Кәмелетке толмаған баламен кездесу тәртібін анықтау

Кәмелетке толмаған баламен кездесу тәртібін анықтау мәселесі ерлі-зайыптылардың некесі...

Заң үстемдігі – әділетті қоғамның берік негізі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 28 қазандағы «Жаңа тарихи...