Қазақстан құрылысшылар одағы президенті болып Ақан Бақытжан сайланды

РОЮЛ Қазақстан құрылысшылар одағы Ақан Бақытжан ұйым президенті болып сайланғанын хабарлайды.

Қазақстан құрылысшылар одағы Президиумы төрағасы қызметін Талғат Ерғалиев жалғастырады. Ол ұзақ жылдар бойы ұйымға жетекшілік етіп, Одақтың Қазақстан құрылыс нарығындағы беделді әрі ықпалды салалық алаңдардың біріне айналуына елеулі үлес қосты.

Ақан Бақытжан құрылыс саласындағы жаңа буын басқарушылардың өкілі саналады. Еңбек жолын инженерлік қызметтен бастап, әр жылдары сапа жөніндегі инженер, мемлекеттік құрылыс инспекторы болып еңбек етті. Сондай-ақ Астана қаласы Құрылыс басқармасының сметалық бөлімін басқарды, мемлекеттік және корпоративтік құрылымдарда басшылық қызметтер атқарды. 2020 жылдан бері The Akan Building компаниялар тобына жетекшілік етеді.

Жаңа президенттің құрылыс саласы бойынша бейіндік білімі бар. 2007 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті оқу орнын «Құрылыс техникасы және технологиялары» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2014 жылы Maqsut Narikbayev University университетінде құқық бакалавры дәрежесін алды. Ал 2016 жылы осы оқу орнында іскерлік әкімшілендіру бағыты бойынша MBA дәрежесін иеленді.

«Қазақстан құрылысшылар одағы секілді ел экономикасының негізгі салаларының бірінің мүддесін қорғайтын бірлестікке жетекшілік ету – мен үшін үлкен жауапкершілік. Бүгінде құрылыс саласы экономикалық өсімнің маңызды қозғаушы күші ретінде жұмыс орындарын ашып, азаматтардың өмір сапасына тікелей әсер етіп отыр.

Біз Одақ мүшелерінің, соның ішінде елдегі ірі жұмыс берушілердің мүддесін жүйелі түрде ілгерілетуге, олардың сараптамалық және қоғамдық-іскерлік кеңістіктегі рөлін күшейтуге ниеттіміз.

Сондай-ақ саланың дамуына ықпал ететін шешімдерді әзірлеу үдерістеріне белсенді қатысу маңызды деп санаймын. Атап айтқанда, Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы алаңында, қала құрылысы кеңестерінде, бас жоспарларды талқылауда және өзге де стратегиялық мәселелерде кәсіби қауымдастықтың үні естілуі тиіс. Одақ саланың пікірін біріктіретін ықпалды алаңға айналуы қажет», – деді Ақан Бақытжан.

Қазақстан құрылысшылар одағы еліміздің түкпір-түкпіріндегі құрылыс секторындағы 1700-ден астам компанияны біріктіреді және Қазақстандағы ірі салалық қауымдастықтардың бірі болып саналады.

Қазақстандағы парламенттік сайлау: жаңғыру мен Орталық Азиядағы көшбасшылыққа бастайтын жаңа қадам

Алдағы парламенттік сайлау конституциялық реформадан және жалпыхалықтық референдумнан кейінгі...

Парламентские выборы в Казахстане: новый шаг на пути модернизации и лидерства в Центральной Азии

Предстоящие парламентские выборы станут закономерным этапом политических преобразований в...

Жалған адам ұрлау мен донат үшін төбелес: Қазақстанда 9 стример жауапқа тартылды

Қазақстан Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілерде заңға қайшы контент...

Псевдопохищение и драка за донаты: 9 стримеров наказали в Казахстане

Министерство внутренних дел Казахстана привлекло к административной ответственности девять...

Отбасылық дауларды шешудегі медиацияның маңызы

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ұлттың рухани және адамгершілік...