Алматыда «Әлеуметтік шеберхана» жобасы басталды

Алматы қаласында әлеуметтік осал санаттағы жасөспірімдер мен жастарды қолдауға және әлеуметтендіруге бағытталған «Әлеуметтік шеберхана» жобасы басталды. Жоба Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен жүзеге асырылуда.

Аталған бастама ата-анасының қамқорлығысыз қалған және өмірлік қиын жағдайға тап болған жастардың практикалық дағдыларын қалыптастыруға, олардың жұмыспен қамтылу деңгейін арттыруға бағытталған. Жоба аясында қатысушылар сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді оқыту курстарынан өтеді. Олардың қатарында бариста, аспаз, шаштараз, мобилограф сияқты бағыттар бар.

Өткен жылы жобаны іске асыру нәтижесінде 120-дан астам жасөспірім оқытудан өтті. Олардың басым бөлігі курстарды сәтті аяқтап, жұмысқа орналасу кезеңіне өтті. Бұл жоба қатысушылардың әлеуметтік бейімделуіне, кәсіби және тұлғалық дағдыларын дамытуға оң әсерін көрсетті.

Биыл «Әлеуметтік шеберхана» жобасы өз жұмысын жалғастырып, оқыту бағыттарын кеңейтуді және қатысушылар санын арттыруды көздейді. Жоба аясында тек оқыту ғана емес, сонымен қатар қатысушыларды жұмысқа орналастыру кезеңінде сүйемелдеу, ЖОО-на және ОББМ-не оқуға түсуге қолдау көрсету, тәлімгерлер мен жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл қарастырылған.

Жоба Алматы қаласының жастар саясатын дамыту аясындағы жүйелі жұмыстардың бір бөлігі болып табылады және жастардың барлық санаттары үшін тең мүмкіндіктер қалыптастыруға бағытталған.

Тіл – халық қазынасы 

Тіл – халықтың жүрегі, ұлттың рухани болмысы мен мәдениетінің...

Тұрғын үйге арналған жаңа құжат – Кадастрлық паспорт

Мемлекет басшысы 05 сәуір 2023 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір...

Мемлекеттік қызметшінің имиджі мен әдебі

Мемлекеттік қызмет-қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты қамтамасыз ететін маңызды...

АСТАНАДА «COUPE MONDIALE 79» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ЖАБЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

27 тамыз күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қоолдауымен,...

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттік және құқықтық жүйенің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық жүйесінің іргетасы, қоғам...