«Мамандықтар бойынша ашық есік күні» іс-шарасы ұйымдастырылды

«Жаңа мүмкіндіктер — сенімді болашақ» тақырыбында колледжде «Мамандықтар бойынша ашық есік күні» іс-шарасы ұйымдастырылды. Аталған шараның басты мақсаты – білім алушыларды сұранысқа ие мамандықтармен таныстыру және олардың кәсіби дамуға деген қызығушылығын арттыру.

Іс-шара барысында қатысушыларға 8 түрлі мамандық кеңінен таныстырылды. Атап айтқанда: шаштараз, тігінші, дизайнер, визажист, аспаз, кондитер, әкімші және наубайшы мамандықтары бойынша ақпарат беріліп, әр бағыттың ерекшеліктері мен мүмкіндіктері көрсетілді.

Сонымен қатар, шара аясында қызықты ойындар ұйымдастырылып, студенттер белсенділік танытып, өз қабілеттерін көрсете білді. Қатысушылар өздеріне ұнаған мамандықтар бойынша қосымша мәлімет алып, болашақ кәсіби бағыттарын айқындауға мүмкіндік алды.

Ашық есік күні студенттердің қызығушылығын оятып, олардың болашақ мамандық таңдауда сенімді қадам жасауына ықпал етті.

Абай облысындағы қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде сотталғандар арасында волейболдан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде Мейірімділік күніне орай кітап көрмесі ұйымдастырылды

Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде Мейірімділік...