Ұлттық кітап күні мерекесіне орай ҚАЖ қызметкерлері Абай атындағы кітапханаға экскурсияға барды

Абай облысында қауіпсіздігі барынша жоғары мекеме қызметкерлері Абай атындағы кітапханаға барды. Шара барысында қызметкерлер кітапхананың бай тарихы, оның құрылымдық бөлімдері мен қызмет бағыттарымен жан-жақты танысты.

Экскурсия аясында қатысушылар «Ғасырлармен үндескен асыл қазына», «Абай елі – асыл сөздің мекені», «Адамзаттың Абайы» атты кең көлемді кітап көрмелерін тамашалады. Көрмелерде ұсынылған сирек басылымдар мен құнды әдеби мұралар оқырмандарға ерекше әсер қалдырды.

Сонымен қатар, кітапхана қызметкері келушілерге ұлттық әдебиет пен рухани құндылықтарды насихаттаудың маңызы туралы айтып, кітап оқудың мәдениеті мен қоғамдағы рөліне тоқталды.

Қызметкерлер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мазмұнды ақпарат алды. Шараға қатысқан қызметкерлердің бірі: «Бұл экскурсия бізге үлкен әсер қалдырды. Кітапхананың бай қоры мен тарихи мұраларымен танысу – рухани тұрғыдан өте пайдалы болды. Осындай іс-шаралар жиі ұйымдастырылса екен», – деп өз әсерімен бөлісті.

Аталған іс-шара кітапхана мен құқық қорғау саласы қызметкерлері арасындағы мәдени байланысты нығайтып, рухани жаңғыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды.

Абай облысындағы қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде сотталғандар арасында волейболдан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде Мейірімділік күніне орай кітап көрмесі ұйымдастырылды

Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде Мейірімділік...