Қазақстанның 17 облысына дауылды ескерту жарияланды

24 сәуірде Қазақстанның 17 облысына дауылды ескерту жарияланды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Ақмола облысында түнде және таңертең батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, батысы мен солтүстігінде екпіні 15–20 м/с. Түнде оңтүстігі мен шығысында 2 градус үсік болады. Көкшетау қаласында да оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15–20 м/с жетеді.

Қарағанды облысында түнде шығысында, күндіз оңтүстігінде жаңбыр мен найзағай күтіледі. Түнде және таңертең батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады. Қарағанды қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ұлытау облысында күндіз оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай болады. Түнде және таңертең солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз солтүстігінде екпіні 15–20 м/с. Жезқазған қаласында түнде және таңертең тұман болады.

Қостанай облысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі, солтүстігі мен шығысында қатты жауын-шашын болады. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, батысы, солтүстігі, шығысында екпіні 15–20 м/с, кейде 23–28 м/с. Түнде ауа температурасы 1–6 градус жылыға дейін төмендейді, батысы мен солтүстігінде 2 градус үсік, күндіз 7–12 градус, оңтүстігінде 15 градусқа дейін жылы.

Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр мен қар, батысы, солтүстігі, оңтүстігінде қатты жауын-шашын, күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел 15–20 м/с, екпіні 23–28 м/с, кейде 30 м/с-тан асады. Түнде ауа температурасы күрт төмендеп, 2–7 градус жылы болады, күндіз 5–10 градус. Петропавл қаласында да жаңбыр, қар, күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі.

Павлодар облысында түнде батысы мен оңтүстігінде тұман болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, солтүстігі мен шығысында екпіні 15–20 м/с. Түнде солтүстігінде 2 градус үсік күтіледі.

Маңғыстау облысында күндіз солтүстік-шығысында жаңбыр мен найзағай болады. Батысы мен орталығында тұман. Жел оңтүстік-батыстан солтүстікке ауысады, солтүстік-шығысында екпіні 15–18 м/с. Ақтау қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Алматы облысында түнде оңтүстігінде қатты жаңбыр, таулы аймақтарда жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болады. Найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел 15–20 м/с, кей жерлерде 23–28 м/с. Алматы қаласында жаңбыр, найзағай, кейде қатты жаңбыр болады. Таулы аймақтарда да қатты жауын-шашын күтіледі.

Атырау облысында күндіз жаңбыр, найзағай және дауыл күтіледі.

Жетісу облысында жаңбыр, найзағай, кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл болады.

Абай облысында жаңбыр, найзағай, кей жерлерде тұман күтіледі. Семей қаласында да жаңбыр мен найзағай болады.

Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, кей жерлерде қатты жаңбыр болады. Өскемен қаласында түнде жаңбыр мен найзағай күтіледі.

Түркістан облысының таулы аймақтарында жаңбыр, найзағай және дауыл күтіледі.

Жамбыл облысында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, түнде және таңертең тұман болады. Тараз қаласында түнде жаңбыр мен найзағай күтіледі.

Қызылорда облысында күндіз солтүстігінде шаңды дауыл болуы мүмкін.

Батыс Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай және тұман күтіледі. Орал қаласында да жаңбыр мен найзағай болады.

Тоқаев: Цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту – бүгінгі күннің талабы 

Мемлекет басшысы цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту – бүгінгі күннің талабы екенін айтты.

Қорғаныс министрі қаза тапқан әскери қызметшілердің туыстарымен кездесті 

Қорғаныс министрі қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің туыстарымен кездесті.

Елімізде 1 қаңтардан бастап кімдердің жалақысы 40%-ға дейін көтеріледі 

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап учаскелік дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің жалақысын 40%-ға дейін көтеру жоспарланып отыр.

ЖОО-дағы оқу мерзімі қысқарады. Кімдер университетті 3 жылда аяқтай алады?

Қазақстанда жоғары оқу орындарына бакалавриат бағдарламаларын үш жылда аяқтауға заң жүзінде мүмкіндік берілген. Алайда бұл барлық мамандыққа қатысты емес, ал оқу мерзімі қысқарғанымен, білім беру бағдарламасының көлемі азаймайды.

Германия тарихында алғаш рет әйел адам президент болуы мүмкін 

Германияда әйелді алғаш рет президенттік лауазымға кандидат ретінде қарастырып жатыр.