Алматыдағы «Жаңа ғасыр» театрына Асанәлі Әшімовтің есімі берілді

Алматы қаласында «Жаңа ғасыр» театрына қазақ театр және кино өнерінің көрнекті қайраткері, КСРО және Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімовтің есімі берілді. Енді мәдениет ошағы «Асанәлі Әшімов театры» деп аталады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Асанәлі Әшімовтің өнер жолы, театр мен кино саласына қосқан зор үлесі, сондай-ақ ұстаздық қызметі ұлттық мәдениеттің алтын қорына енген.

Жаңарған театр дәстүр мен заманауи бағытты үйлестіре отырып, көрерменге мазмұнды әрі сапалы қойылымдар ұсынуды мақсат етеді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ саммитінде қауіпсіздік пен тұрақтылық мәселелерін көтерді 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысты.

Мемлекет басшысы Ресей Президентімен кездесті 

Тараптар Қазақстан мен Ресей арасындағы достық, тату көршілік және одақтастық рухында дамып келе жатқан сан қырлы ынтымақтастық қарқынды сипат алғанына назар аударды.

Бүгін жаңа оқу жылы басталды: Алғашқы қоңырау қалай өтеді? 

Бүгін еліміздің барлық мектебінде алғашқы қоңырау соғылады

Мектептерде оқушы көбейді: биыл қанша бала білім алады?

Жаңа оқу жылында ел мектептерінде 4,1 млн-нан астам оқушы білім алады. Оның ішінде 380 мыңнан астамы – алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды.

Алтын бағасы 19 тамыздан бергі ең төменгі деңгейге түсті 

Алтын бағасының өзгеруі халықаралық қаржы нарықтарындағы жағдайға, инвесторлардың сұранысына және АҚШ экономикасына қатысты күтулерге байланысты қалыптасады.