Ерекше баланың анасына еңбек өтілі жазылады

Еңбек министрлігі ерекше балалары бар аналарға қатысты жағымды жаңалық мәлімдеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Асқарбек Ертаев мүгедектігі бар балалардың аналарын қолдауға бағытталған жаңа тәсілді таныстырды. Министрдің айтуынша, мүмкіндігі шектеулі балалары бар аналарға төленетін екі түрлі жәрдемақыны қызмет көрсету форматына ауыстыру ұсынылып отыр.

«Қазіргі таңда ана тек жәрдемақы алатын болса, зейнетке шыққан кезде оның еңбек өтілі қалыптаспайды, соның салдарынан зейнетақысы да төмен болады. Бұған жол бермеу үшін біз екі түрлі жәрдемақыны қызмет көрсету форматына ауыстыруды ұсынып отырмыз. Яғни ана өз баласына нақты қызмет көрсеткен болып есептеледі. Осы арқылы оған еңбек өтілі жазылады, сондай-ақ әлеуметтік және зейнетақы жарналары төленеді. Нәтижесінде 63 жасқа келгенде лайықты зейнетақы қалыптасады», – деді ол.

Министрдің мәліметінше, бұл жаңашылдық I топтағы мүгедектігі бар балалардың аналарына қатысты болады.

Енді әріптесіңіздің орнына жұмысын істесеңіз қосымша ақша төленеді: Еңбек кодексіндегі өзгерістер 

Маманның сөзінше, заң енді қызметкердің жағында. Оны пайдалана білу керек.

Қазақстан Қытайдан жанармай импорттау мүмкіндігін қарастырып жатыр 

Импорттық кедендік баж нөлге дейін төмендетіліп, ішкі нарықты тұрақты қамтамасыз ету үшін жанармай экспортына қойылған шектеулер сақталады.

Алғаш рет облыстарда жұмыс істейтін журналистерге пәтер кілті табысталады 

Соңғы 3 жылда тек Астанада ғана 200 журналист баспаналы болды.

Мемлекет басшысы БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады 

Мемлекет басшысы БАҚ саласы қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі