Оқушылар қайтадан диктант жазатын болды

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова білім сапасын арттыру үшін дәстүрлі жазба жұмыстары қайта енгізілетінін айтты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

“Мектеп бағдарламасы жаңартылып жатыр. Енді 5-7 сыныптарда «Конституция негіздері», 8-9 сыныптарда «Заң және тәртіп» оқытылады. Ал жоғары сыныптарда «Құқық негіздері» пәндері міндеттеледі. Бұл өзгерістер балалардың тек білімін емес, тәртібі мен жауапкершілігін күшейтуге бағытталған”, – дейді министр.

Оның пайымынша, жаңа пәндер «Адал азамат» бағдарламасы аясында енгізіледі. Сондай-ақ экологиялық тәрбиеге мән беріліп, кей пәндер қайта оралады. Мысалы, 8-9 сыныптарда «Қазақстан географиясы» аптасына екі сағаттан оқытылады. Осылайша мектеп бағдарламасы енді тек білім беруге емес, тәрбие мен заңды құрметтеуге бағытталмақ.

Тоқаев: Цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту – бүгінгі күннің талабы 

Мемлекет басшысы цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту – бүгінгі күннің талабы екенін айтты.

Қорғаныс министрі қаза тапқан әскери қызметшілердің туыстарымен кездесті 

Қорғаныс министрі қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің туыстарымен кездесті.

Елімізде 1 қаңтардан бастап кімдердің жалақысы 40%-ға дейін көтеріледі 

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап учаскелік дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің жалақысын 40%-ға дейін көтеру жоспарланып отыр.

ЖОО-дағы оқу мерзімі қысқарады. Кімдер университетті 3 жылда аяқтай алады?

Қазақстанда жоғары оқу орындарына бакалавриат бағдарламаларын үш жылда аяқтауға заң жүзінде мүмкіндік берілген. Алайда бұл барлық мамандыққа қатысты емес, ал оқу мерзімі қысқарғанымен, білім беру бағдарламасының көлемі азаймайды.

Германия тарихында алғаш рет әйел адам президент болуы мүмкін 

Германияда әйелді алғаш рет президенттік лауазымға кандидат ретінде қарастырып жатыр.