Жаһандық су дағдарысы күшейіп келеді – Мемлекет басшысы БҰҰ деңгейінде тың ұсыныс жасады 

Мемлекет басшысы БҰҰ Бас хатшысының Су ресурстары жөніндегі арнаулы өкілі Ретно Марсудиді қабылдады. Кездесуде су ресурстарының жаһандық және өңірлік күн тәртібіндегі негізгі мәселелері талқыланды.

Ақорданың баспасөз қызметі мәлім еткендей, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан үшін су орнықты даму, экологиялық қауіпсіздік және өңірдегі тұрақтылықпен тікелей байланысты стратегиялық ресурс саналатынын атап өтті.

Президент саладағы халықаралық ынтымақтастықтың анағұрлым тиімді архитектурасын қалыптастырудың маңызы ерекше екеніне назар аударды.

Осы орайда Мемлекет басшысы БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру жөнінде көтерген бастамасына арнайы тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бұл қадам су ресурстарын ұтымды пайдалану, су проблематикасына қатысты сын-қатерлер бойынша халықаралық үйлестіру тетігін кеңейту және орнықты шешімдерді ілгерілету жөніндегі жаһандық күш-жігерге тың серпін береді, — делінген Ақорданың хабарламасында.

Алдағы күндері Астанада өтетін Өңірлік экологиялық саммитте аталған құрылымды қалыптастыру параметрлері мен перспективасын егжей-тегжейлі талқылауға бағытталған халықаралық консультациялардың алғашқы кезеңін бастау жоспарланып отыр.

Сонымен қатар биыл желтоқсан айында Абу-Дабиде өтетін Су ресурстары жөніндегі БҰҰ конференциясы саладағы түйткілдерді шешудің өзара келісілген тәсілдерін әзірлейтін алаң рөлін атқаратыны айтылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ретно Марсуди Орталық Азия өңірінде су ресурстарын тиімді пайдалану мәселесі жөнінде пікір алмасты.

Мемлекет басшысы Ресей Президентімен кездесті 

Тараптар Қазақстан мен Ресей арасындағы достық, тату көршілік және одақтастық рухында дамып келе жатқан сан қырлы ынтымақтастық қарқынды сипат алғанына назар аударды.

Бүгін жаңа оқу жылы басталды: Алғашқы қоңырау қалай өтеді? 

Бүгін еліміздің барлық мектебінде алғашқы қоңырау соғылады

Мектептерде оқушы көбейді: биыл қанша бала білім алады?

Жаңа оқу жылында ел мектептерінде 4,1 млн-нан астам оқушы білім алады. Оның ішінде 380 мыңнан астамы – алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды.

Алтын бағасы 19 тамыздан бергі ең төменгі деңгейге түсті 

Алтын бағасының өзгеруі халықаралық қаржы нарықтарындағы жағдайға, инвесторлардың сұранысына және АҚШ экономикасына қатысты күтулерге байланысты қалыптасады.

Тоқаев Үкімет алдына жаңа міндеттер қойды: Президент Бектеновке не тапсырды? 

Мемлекет басшысы экономикалық өсім, мемлекеттік басқару және халықтың әл-ауқатына қатысты нақты тапсырмалар берді.