Климатқа жауапкершілік – бүгіннен басталатын әрекет

2026 жылғы 31 наурызда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінің №17 жатақханасында «ТДМ 13: Климаттың өзгеруімен күрес» тақырыбында мазмұнды әрі тағылымдық тәрбиелік іс-шара өткізілді. Аталған шараға «6В02303 – Шетел филологиясы (батыс тілдері)» білім беру бағдарламасының студенттері қатысып, экологиялық мәселелер төңірегінде өзекті ойларымен бөлісті.

Қазіргі кезеңде климаттың өзгеруі – тек ғылыми немесе экологиялық мәселе ғана емес, ол адамзаттың болашағына тікелей әсер ететін жаһандық сын-қатер. Осыған байланысты ұйымдастырылған іс-шараның басты мақсаты – студенттердің тұрақты даму қағидаттары туралы түсінігін тереңдету, климаттық өзгерістердің себеп-салдарын жан-жақты қарастыру және қоршаған ортаға деген жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру болды.

Іс-шара барысында қатысушыларға жаһандық жылыну, парниктік газдардың артуы, табиғи ресурстардың сарқылуы сияқты өзекті мәселелер туралы мазмұнды ақпарат ұсынылды. Көрсетілген бейнематериалдар мен ақпараттық таныстырылым студенттердің қызығушылығын арттырып, тақырыптың маңызын терең түсінуге мүмкіндік берді.

Практикалық бөлімде студенттер топтық жұмысқа тартылып, климаттың өзгеруіне әсер ететін негізгі факторларды талқылады. Әр топ өз ұсыныстарын ортаға салып, экологиялық жағдайды жақсартудың нақты жолдарын ұсынды. Пікірталас барысында білім алушылардың сыни ойлау қабілеті мен белсенді азаматтық ұстанымы айқын көрінді.

Іс-шара тек теориялық біліммен шектелмей, студенттердің күнделікті өмірде қолдана алатын экологиялық дағдыларын қалыптастыруға бағытталды. Атап айтқанда, энергияны үнемдеу, қалдықтарды азайту, табиғатты қорғау және ресурстарды тиімді пайдалану мәселелері кеңінен талқыланды.

Аталған шара студенттердің экологиялық сауаттылығын арттырып қана қоймай, олардың әлеуметтік жауапкершілігін нығайтуға да ықпал етті. Жастардың табиғатқа деген жанашыр көзқарасы мен болашаққа деген жауапкершілігі осындай іс-шаралар арқылы қалыптасатыны сөзсіз.

Қорытындылай келе, «ТДМ 13: Климаттың өзгеруімен күрес» тақырыбындағы бұл іс-шара өз мақсатына толық жетіп, тұрақты даму құндылықтарын насихаттауға өзіндік үлесін қосты. Мұндай бастамалар – экологиялық мәдениеті жоғары, саналы ұрпақ тәрбиелеудің маңызды қадамы.

   Шетел филологиясы аударма ісі кафедрасының аға оқытушылары:

    Айтмұханбетова Айнур Серикбайқызы

    Бектурова Эльмира Қалмаханбетқызы

Новый вкус Алматы: Курмангазы может стать главной гастрономической улицей города

Там, где сегодня аромат свежесваренного кофе смешивается с шумом...

Как сегодня получают водительские права в Казахстане

В последние годы процесс получения водительских прав в Казахстане...

НАРХОЗ НА ГЛОБАЛЬНОЙ НАУЧНОЙ АРЕНЕ: ИССЛЕДОВАНИЯ В РАМКАХ ЦУР 16

10 апреля 2026 года в Школе анализа и разрешения конфликтов...

Кезекті «уағызшы» жауаптылыққа тартылды

Заңды елемеді: Дарын Мубаров дін туралы заңнаманы қайта бұзғаны...