ҚазҰУ-да тең мүмкіндік пен достықты дәріптеген үстелүсті жарысы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде үстелүсті спорттық ойындары бойынша ашық чемпионат ұйымдастырылды. Шарада балалар мен ересектер, мүмкіндігі шектеулі жандар, сондай-ақ мемлекеттік құрылымдар мен қоғамдық ұйымдар және бизнес өкілдері бас қосты. Мұндай ауқымды формат қоғамдағы өзара түсіністікті нығайтып, ортақ құндылықтар төңірегінде бірігуге бағытталған.

Жоба ҚазҰУ инклюзивті ғылыми-тәжірибелік орталығы, «Әлеуметтік инклюзивті бағдарламалар орталығы» қоғамдық қоры, Balalaroom клубы және DeFactoFm порталымен бірлесе жүзеге асырылды. Жаттықтырушы Михаил Тейфельдің айтуынша, үстелүсті ойындары стратегиялық ойлауды, зейін мен қимыл үйлесімділігін дамытумен қатар, қатысушылар арасында тең қарым-қатынас орнатуға септігін тигізеді.

Ұйымдастырушылар чемпионаттың алдағы уақытта халықаралық тәжірибе алмасу алаңына айналатынына сенім білдірді. Шетелдік сарапшылар мен серіктестерді тарту арқылы да жобаның әлеуметтік маңызы мен ауқымын кеңейту жоспарлануда.

Сонымен қатар чемпионат аясында мектеп оқушыларын үстелүсті ойындарына баулу және олардың танымдық дағдыларын жетілдіру бағытындағы жүйелі дайындық жұмыстары жүргізіліп келеді. Сабақтар Алматы қаласындағы BALALAROOM клубында өткізіледі. Жаттығу үдерісі тек спорттық нәтижелерге ғана емес, сонымен бірге әлеуметтенуге, командалық іс-қимылды нығайтуға және белсенді демалыс мәдениетін қалыптастыруға негізделген.

ҚазҰУ базасындағы бұл бастама инклюзивті ортаны ұзақ мерзімді дамытуға және қоғамның барлық санаты үшін салауатты өмір салтын ілгерілетуге мүмкіндік береді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Баспасөз қызметі

Оңайлатылған әкімшілік рәсім

         2021 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік...

Тұрғын үй даулары санатындағы әкімшілік істерді қарау ерекшелігі

Тұрғын үйге қатысты даулардың жария құқықтық қатынастардан туындайтын даулар...

Мемлекеттік тіл — сот төрелігінің маңызды құралы

Мемлекеттік тілдің сот жүйесіндегі орны ерекше. Қазақстан Республикасы Конституциясына...

Қылмыстық процестегі тараптардың теңдігі

Қылмыстық процестегі тараптардың теңдігі – әділ сот талқылауының негізгі...