Alikhan Bokeikhan University студенттері ерекше қауіпсіздік мекемесінің қызметімен танысты

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мен Alikhan Bokeikhan University білім беру ұйымы арасында жасалған өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында, сондай-ақ білім алушылардың оқу үдерісін жүзеге асыру және практикалық дағдыларын қалыптастыру мақсатында ерекше қауіпсіздік мекемесінде университет студенттеріне арналған танымдық экскурсия ұйымдастырылды.

Іс-шараға құқық қорғау саласына қызығушылық танытқан профильдік мамандықтардың студенттері қатысты. Экскурсия барысында қатысушылар сотталғандарды ұстау жағдайымен, мекеменің күзет және режимді қамтамасыз ету қызметімен, сондай-ақ сотталғандармен жүргізілетін тәрбиелік және әлеуметтік-психологиялық жұмыстың ерекшеліктерімен танысты.
Мекеме қызметкерлері қылмыстық-атқару жүйесіндегі қызметтің қыр-сыры туралы жан-жақты ақпарат беріп, мекеменің негізгі нысандарын көрсетті және студенттердің сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар сотталғандарды қайта әлеуметтендіру, еңбекпен қамту және психологиялық қолдау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Өз кезегінде сотталғандар арасында тәрбиелік және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің бастығы Ермек Рахимов мұндай кездесулердің маңыздылығына тоқталды:
«Осындай экскурсиялар студенттерге қылмыстық-атқару жүйесінің жұмысын көзбен көріп, оның негізгі міндеттері мен қағидаттарын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Бұл – болашақта өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, кәсіби білікті мамандарды даярлаудың маңызды қадамы», – деді ол.

Экскурсия қорытындысы бойынша студенттер іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, қылмыстық-атқару жүйесі органдарында тәжірибеден өтіп, болашақта қызмет етуге қызығушылық білдірді.

Мұндай іс-шаралар білім беру ұйымдары мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайтып, білікті кадрлар даярлау ісіне оң ықпал етеді.

Организовано психологическое мероприятие для осуждённых под названием «Сказкотерапия»

В учреждении №20 Департамента уголовно-исполнительной системы по области Абай...

Студенты Alikhan Bokeikhan University посетили учреждение №20 в рамках меморандума о сотрудничестве

В рамках реализации меморандума о сотрудничестве между Alikhan Bokeikhan...

Alikhan Bokeikhan University студенттері ынтымақтастық туралы меморандум аясында №20 мекемеге барды

Alikhan Bokeikhan University мен Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі...

Семейде түзеу жолындағы маңызды қадам: сотталғандар мен қоғам арасындағы байланыс нығаюда

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Семей қалалық пробация...