2026 жылғы Қазақстанның ең табысты мамандықтары: Кімге көп жалақы төленеді? 

2026 жылдың наурыз айындағы Enbek.kz деректері еңбек нарығындағы қызықты тенденцияны көрсетті. Жұмыс берушілердің ұсынысы мен жұмыс іздеушілердің амбициясы арасында айтарлықтай алшақтық бар. Бүгінгі таңда жоғары жалақы тек мұнай секторымен шектелмейді, ол басқарушылық және жоғары технологиялық салаларға қарай ойысқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Біліктілік деңгейі тұрғысынан сұраныс құрылымында орта деңгейдегі білікті мамандарға деген қажеттілік басым – олардың үлесі барлық бос жұмыс орындарының шамамен 40%-ын құрайды. Біліктілігі төмен позицияларға сұраныс 31% болса, жоғары білікті мамандарға деген қажеттілік 29% деңгейінде қалыптасты.

Жұмыс іздеушілердің ішінде 35 жасқа дейінгі үміткерлер үлесі басым – 42%. 35-44 жас аралығындағы азаматтар 26%-ды, 45-54 жас аралығындағылар 20%-ды, ал 55 жастан асқандар 12%-ды құрайды. Гендерлік бөліністе: 54% – әйелдер, 46% – ерлер.

Жұмыс күші ұсынысының біліктілік құрылымы жалпы алғанда сұранысқа сәйкес келеді: түйіндемелердің 42%-ы орта білікті мамандарға, 30,5%-ы жоғары білікті мамандарға және 27,5%-ы төмен білікті үміткерлерге тиесілі.

Жұмыс берушілер ұсынатын ең жоғары жалақылар

Қазіргі уақытта компаниялар бірегей дағдылары мен стратегиялық жауапкершілігі бар мамандар үшін миллиондап төлеуге дайын. Наурыз айындағы топ-3 вакансия:

  1. Заң жұмысы жөніндегі бөлім басшысының орынбасары — ~1,4 млн теңге. Құқықтық тәуекелдерді басқару және ірі келісімшарттарды сүйемелдеу нарықта әлі де жоғары бағаланады.
  2. Бағдарламалық қамтамасыз ету архитекторы — ~1,38 млн теңге. Цифрландыру дәуірінде күрделі жүйелердің құрылымын құратын IT-мамандар ең қымбат актив болып қала бермек.
  3. Өндіруші өнеркәсіптегі өндіріс басшысы — ~1,14 млн теңге. Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы тиімділікті қамтамасыз ететін менеджерлерге сұраныс жоғары.

 Ізденушілердің талабы: Кім көп сұрайды?

Жұмыс іздеушілер арасында өз тәжірибесі мен біліктілігін бұдан да жоғары бағалайтын мамандар бар. Олардың күтетін жалақы мөлшері миллиондық көрсеткіштерден бірнеше есе асып түседі:

  • HR бизнес-серіктесі (HRBP): Бұл позициядағы мамандар ~4,2 млн теңге көлемінде жалақы күтеді. Бұл кадрларды жай ғана басқару емес, адам капиталын бизнес мақсаттарына бейімдеудің маңыздылығын көрсетеді.
  • Каротажшы: Геологиялық барлау және мұнай-газ саласының тар бейінді мамандары ~3,0 млн теңге сұрайды.
  • Өнеркәсіп зертханасының басшысы: Сапаны бақылау мен ғылыми негіздегі өндіріс мамандары ~2,5 млн теңгеге үмітті.

2026 жылдың наурыз айында Enbek.kz электрондық еңбек биржасында жұмыс берушілер 102,6 мың бос жұмыс орнын жариялады, ал жұмыс іздеушілер 107,1 мың түйіндеме орналастырды. 2026 жылдың басынан бері платформада 304,3 мың бос жұмыс орны және 394,4 мың түйіндеме жарияланған, — деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

2026 жылдың басынан бері платформада 304,3 мың бос жұмыс орны және 394,4 мың түйіндеме жарияланған.

Ақпан айымен салыстырғанда бос жұмыс орындарының саны 3,7%-ға артты, ал түйіндемелер саны 14,3%-ға қысқарды. Нәтижесінде еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс арасындағы алшақтық едәуір қысқарды: қаңтар айында түйіндемелер саны бос жұмыс орындарынан шамамен 60 мыңға артық болса, ақпанда бұл көрсеткіш 26 мыңға дейін төмендеді, ал наурыз қорытындысы бойынша айырмашылық шамамен 4,5 мың түйіндемені құрады.

Салалық құрылым бойынша сұраныста білім беру саласы (22,6 мың бос жұмыс орны) және өзге де қызметтер көрсету бағыты (21,2 мың бос жұмыс орны) көш бастап тұр. Сонымен қатар денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласында (8,7 мың), ауыл, орман және балық шаруашылығында (7,9 мың бос жұмыс орны) сұраныс жоғары деңгейде сақталуда.

Өңірлік бөлініс бойынша бос жұмыс орындарының көбі Түркістан (7,7 мың), Қарағанды облыстарында (7,6 мың), Астана қаласында (7,2 мың), Павлодар (7,2 мың) және Атырау облыстарында (6,5 мың) тіркелді.

Мемлекет басшысы: Абай мұрасы – шынайы патриотизмнің қайнар көзі 

Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Абай күні еліміздегі ауқымды өзгерістермен тұспа-тұс келіп отырғанына да тоқталды.

Нұрай Серікбайдың отбасы күдіктіден 10 млрд теңге талап етті: Ағасы себебін түсіндірді 

Марқұмның ағасы мұндай талаптың не себепті қойылғанын түсіндіріп, істің мән-жайын айтты.

Қайсар Қамза мен басқа блогерлерді заңсыз казино жарнамасына тартқан өзбекстандыққа іздеу жарияланды 

Қаржылық мониторинг агенттігі заңсыз онлайн-казиноларды жарнамалаған Өзбекстан азаматына халықаралық іздеу жариялады. Ол 35-тен астам блогерді тартқан.

Қазақстанда кімдер зейнетке ерте шыға алады?

Еңбек министрлігінің мәліметінше, 2026 жылы 5410 адам ерте зейнетке шығу құқығын пайдаланды.

Тауың шағылмасын, жас түлек! Өмiр мемлекеттiк грант алумен өлшенбейдi

Бүгін 2026–2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім грантының нəтижесі жарияланады. Абитуриенті бар əр отбасының көңілі алаң. Мемлекеттің дамып көркеюіне, өзінің білімінің тереңдеп, көзқарас пайымының кеңеюіне үлес қосуға ниетті сан мыңдаған түлектің үміттерін үкілейтін жыл сайынғы осы алаңдаулы сəт санаулы уақыттардан кейін артта қалып, анық жүйрік алға шығады.