Қазақстан әлемдегі ең қауіпсіз елдердің бірі деп танылды 

Қазақстан Республикасы терроризм деңгейі бойынша әлемдегі ең қауіпсіз мемлекеттердің қатарына енді. Бұл туралы 2026 жылға арналған Терроризмнің жаһандық индексі (GTI) деректері көрсетіп отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Биыл Қазақстан өз азаматтары үшін жоғары қауіпсіздік деңгейін сақтап отыр. GTI мәліметіне сәйкес, ел ең төменгі – 0.000 көрсеткішін алды. Бұл террористік оқиғалар қаупінің іс жүзінде жоқ екенін білдіреді.

Қазақстанмен қатар нөлдік көрсеткішке Қырғызстан, Түрікменстан және Молдова да ие болды.

Қауіпсіздіктің жоғары деңгейі қауіптердің алдын алудың кешенді жүйесі, күштік құрылымдардың жұмысы және халықаралық ынтымақтастықтың арқасында қамтамасыз етіліп отыр. Елде әуежайлар, теміржол тораптары мен энергетикалық кәсіпорындар сияқты стратегиялық маңызы бар нысандарды бақылаудың заманауи технологиялары қолданылады.

Күштік құрылымдар төтенше жағдайларға жедел әрекет ету бойынша тұрақты түрде оқу-жаттығулар өткізіп, ШЫҰ мен ҰҚШҰ аясында көрші елдермен бірлескен операциялар жүргізеді.

Радикалданудың алдын алуға да ерекше көңіл бөлінеді. Мектептер мен университеттерде қауіпсіздікке арналған бағдарламалар жүзеге асырылып, жастар цифрлық кеңістіктегі жалған ақпарат пен экстремистік идеяларға қарсы тұруға үйретіледі.

Бүгінде Қазақстан аймақтағы ең қауіпсіз елдердің бірі болып қала береді. Мемлекет қауіпсіздік шараларын күшейтіп, халықтың хабардарлығын арттыруды жалғастырып отыр.

Тоқаев: Цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту – бүгінгі күннің талабы 

Мемлекет басшысы цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту – бүгінгі күннің талабы екенін айтты.

Қорғаныс министрі қаза тапқан әскери қызметшілердің туыстарымен кездесті 

Қорғаныс министрі қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің туыстарымен кездесті.

Елімізде 1 қаңтардан бастап кімдердің жалақысы 40%-ға дейін көтеріледі 

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап учаскелік дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің жалақысын 40%-ға дейін көтеру жоспарланып отыр.

ЖОО-дағы оқу мерзімі қысқарады. Кімдер университетті 3 жылда аяқтай алады?

Қазақстанда жоғары оқу орындарына бакалавриат бағдарламаларын үш жылда аяқтауға заң жүзінде мүмкіндік берілген. Алайда бұл барлық мамандыққа қатысты емес, ал оқу мерзімі қысқарғанымен, білім беру бағдарламасының көлемі азаймайды.

Германия тарихында алғаш рет әйел адам президент болуы мүмкін 

Германияда әйелді алғаш рет президенттік лауазымға кандидат ретінде қарастырып жатыр.