Алматыда азық-түлік инфляциясы үш айда 3,1% болды

Алматыда 2026 жылы қаңтар-наурыз айларының қорытындысы бойынша азық-түлік инфляциясы 3,1% болды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл көрсеткіш республика бойынша орташа деңгейге (2,9%) жақын. Ал әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы салыстырмалы түрде төмен қарқынмен өсіп жатыр.

Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Олжас Смағұлов Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында мәлімдеді.

Оның айтуынша, кеңейтілген тізімге енгізілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 19 атаудан 31 атауға дейін жыл басынан бері 0,9%-ға өскен.

«Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өсімі небәрі 0,9% болды, бұл орташа республикалық деңгейден төмен. Біз сүт, ет және бакалея өнімдері бойынша келісімшартқа алынған өнім көлемін екі есе арттыру үшін қосымша 8 млрд теңге бөлдік. Сонымен қатар, шекті сауда үстемесі аясында сөрелердегі бағаны тұрақтандыру үшін ірі сауда желілерімен және жеткізушілермен жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр», деді Олжас Смағұлов.

Қалада демалыс күндері өтетін жәрмеңкелерді дамытуға және өндірушілерден өнімді тікелей жеткізуге ерекше назар аударылып отыр.

«Биыл мыңнан астам жәрмеңке өткізу жоспарланып отыр. Бұл былтырғы көрсеткіштен 2,5 есе көп. Фермерлерден тікелей жеткізілетін өнімдер орташа нарықтық бағадан 5-15%-ға арзан сатылуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қала тұрғындары үшін қолайлы болу мақсатында заманауи дизайндағы, автотұрағы мен санитарлық тораптары бар коммуналдық жәрмеңкелердің жаңа форматтары жасалып жатыр», деді спикер.

Тоқаев: Цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту – бүгінгі күннің талабы 

Мемлекет басшысы цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту – бүгінгі күннің талабы екенін айтты.

Қорғаныс министрі қаза тапқан әскери қызметшілердің туыстарымен кездесті 

Қорғаныс министрі қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің туыстарымен кездесті.

Елімізде 1 қаңтардан бастап кімдердің жалақысы 40%-ға дейін көтеріледі 

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап учаскелік дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің жалақысын 40%-ға дейін көтеру жоспарланып отыр.

ЖОО-дағы оқу мерзімі қысқарады. Кімдер университетті 3 жылда аяқтай алады?

Қазақстанда жоғары оқу орындарына бакалавриат бағдарламаларын үш жылда аяқтауға заң жүзінде мүмкіндік берілген. Алайда бұл барлық мамандыққа қатысты емес, ал оқу мерзімі қысқарғанымен, білім беру бағдарламасының көлемі азаймайды.

Германия тарихында алғаш рет әйел адам президент болуы мүмкін 

Германияда әйелді алғаш рет президенттік лауазымға кандидат ретінде қарастырып жатыр.