Медицина қызметкерлерін қорғайтын заң күшіне енді 

Бүгінде денсаулық сақтау саласында 380 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Еліміздің дамып, өркендеуінде осы мамандардың қосар үлесі орасан. Сондықтан Президент былтыр 13 маусымда медицина қызметкерлерін құттықтаған кезде: «Халқымыз «Медицина қызметкерлері – ұлт саулығының сақшылары, ең қадірлі мамандық иелері. Әсіресе, жаһандық індет, яғни, ковид кезінде бүкіл ел дәрігерлердің адал қызметіне куә болды. Дәрігерлерді халықтың қамқоршысы деуге болады.

Барша жұрт мұны терең түсініп, оларға əрдайым құрмет көрсетуге тиіс. Өкінішке қарай, қоғамда дəрігердің жұмысына кедергі жасап, тіпті, қоқанлоқы көрсететін адамдар əлі де бар. Медицина қызметкерінің қауіпсіздігіне қатер төндіретін заңсыз əрекетке жол беруге болмайды. Қоғамдық тəртіпті бұзатын осындай адамдар міндетті түрде заң аясында жауапкершілікке тартылады. Заң мен тəртіп барлық жерде бірдей қатаң сақталуға тиіс», – дей келе дəрігерлерге қалқан болар заңның қажеттігін қадап айтқан болатын. Осы тапсырмадан соң медицина қызметкерлерін əлеуметтік жағынан қамтамасыз етіп, құқықтық тұрғыдан қорғау үшін заңнамаға бірқатар өзгеріс енгізілді. Атап айтқанда, Президент 2024 жылы 19 сəуірде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына, ал биыл 3 қаңтарда «Қылмыстық кодекске жəне Қылмыстық-процестік колдекске толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Мəселен, Қылмыстық кодекстегі «Медицина қызметкеріне немесе жедел медициналық жəрдем көлігінің жүргізушісіне қатысты күш қолдану қатерін төндіру немесе күш қолдану» деп аталатын 380-3-бап биыл 7 наурыздан бастап өз күшіне енді. Оның бірінші бөлігіне сай медицина қызметкерлеріне күш қолданғандар екі жүзден бес жүз АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Екінші бөлігі бойынша, екі жылдан үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Медицина қызметкерлеріне келтірілген залалдың ауқымы мен салдарына қарай құқық бұзушыларға қолданылатын жаза қатая береді. Міне, ақ халатты абзал жандарды қорғайтын заң күшіне енді. Бұл көмекке келген дəрігерлерге жұдырық ала жүгіретін жандарға сабақ болса, қанеки.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ, «Заң газеті»

Борьба с киберпреступностью

СИСТЕМНАЯ ПРОФИЛАКТИКА ИНТЕРНЕТ-ОБМАНА В АЛМАТИНСКОЙ ОБЛАСТИ НАБИРАЕТ ОБОРОТЫ. МЕСТНАЯ...

Реализация проектов в действии

В ХОДЕ РАБОЧЕЙ ПОЕЗДКИ АКИМ ОБЛАСТИ АБАЙ БЕРИК УАЛИ...

К 100-летию выдающегося режиссера

ТОРЖЕСТВЕННОЕ ОТКРЫТИЕ МЕРОПРИЯТИЙ, ПОСВЯЩЕННЫХ 100-ЛЕТИЮ ВЫДАЮЩЕГОСЯ КАЗАХСКОГО РЕЖИССЕРА, ЗАСЛУЖЕННОГО...

Иллюзия близости: почему чат-боты заменяют нам друзей?

ПОЗДНИЙ ВЕЧЕР, В КВАРТИРЕ ТИХО, ГОРОД ЗА ОКНОМ ДАВНО...

Водоснабжение населения: итоги и планы

В Казахстане продолжается системная работа по обеспечению населения качественными...