Қазақстанда донорлық мәселесі әлі де өзекті. Статистикалық деректерге үңілсек, Қазақстанда төрт жарым мыңнан астам адам донорлықпен қажет ағзаларды күтуде. Оның 106-сы бала. Дәрігерлердің мәліметінше, кей жағдайларда бір адамның ағзасы жеті адамның өмірін арашалай алатын көрінеді. Құқықтық, зиялы, зайырлы орта донорлықтың қалыпты жағдай, адам өміріне арашашы құбылыс екенін түсінді. Алдыңғы жылдармен салыстырғанда, елде донорлар саны өскен.
Дəрігерлердің мəліметінше, медицинадағы бұл мəселеге қоғам арасындағы көзқарас та əрқилы. Олар кей жағдайларда донорлыққа науқастың өзі келіскенмен, ағайын-туысы келіспей жататынын айтады. Алайда, заң бойынша, 18 жасқа толған немесе одан асқан, əрекетке қабілетті кез келген адам трансплантация жасауға өз ағзасының бір бөлігін алуға нотариалды түрде жазбаша келісім береді. Келісім бергеннен кейін де ол донор жан-жақты бүкіл медициналық тексерістен өтеді. Өйткені ағза тапсырғаннан кейін оның өзінің де өміріне аса қатты қауіп төнбеуі керек. Қазақстан заңы бойынша тірі кезіндегі донордан ағзаны (оның бір бөлігін) ауыстырып салу туралы шешімді Этикалық комиссия қабылдайды. Комиссия барлық құжаттың дұрыстығына жəне ықтимал реципиент пен донор арасындағы генетикалық байланысқа көз жеткізеді. Бұл мəселенің жан-жақты заңдық қыры «Халық денсаулығы жəне денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексте де толықтай айқын сараланған. Онда, кодекстің 209-бабы 4 жəне 5-тармақтарына сəйкес адамның ағзасын рұқсатсыз алуға, мəжбүрлеуге, сатып алу-сатуға тыйым салынады. Осындай тыйымдар əрекетке қабілетсіз, кəмелетке толмаған, жеке басы анықталмаған, инфекция жұқтырған адамдарға да қатысты. Бұл тұрғыда, дəрігерлік бақылау да қатаң. Заңдық жауапкершілік пен кəсіби біліктілік, адами этика нормалары адам ағзасын алу мен беру мəселесінде жоғары деңгейдегі кəсіби сараптау мен анализдерге сүйенеді. Бұл тұрғыда Қазақстан медицинасы өзге елдермен салыстырғанда көп ілгері. Мəселен, жақында ғана Солтүстік Қазақстан облысында Денсаулық сақтау министрлігінің Трансплантаттау жəне жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталығының үйлестіруімен донорлық процесс жүрген. Көпбейінді қалалық жедел медициналық жəрдем ауруханасына егде жастағы ер адам жедел ми қан айналымының бұзылуымен жеткізіліп, көп ұзамай, реанимациялық іс-шараларға қарамастан, дəрігерлер миының өлімін тіркеді. Дəрігерлердің білімді сарап, сауат ты түсіндіру жұмыстарынан кейін туыстары қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа келісім берген. Трансплантаттау командалары мен санитариялық авиацияның қатысуымен ағзалар алынып, олардың арқасында ұзақ уақыт бойы республикалық күту парағында тұрған пациенттерге трансплантаттау көмегі көрсетілді. Қайтыс болған адамның бауыры 51 жастағы бауыр циррозымен ауыратын ер адамға трансплантатталған. Сондай-ақ диа беттік нефропатия аясында дамыған V сатыдағы созылмалы бүйрек ауруы бар пациенттерге екі бүйрек: 1986 жылы туған əйелге жəне 2020 жылдан бері бағдарламалық гемодиализде жүрген 1978 жылы туған ер адамға беріліпті. Осылайша бір донор бірнеше адамға қуаныш сыйлады. Денсаулық сақтау министрлігі дерегінше, қазіргі таңда Қазақстанда трансплантаттауды күту парағында 4,5 мыңнан астам пациент бар, олардың едəуір бөлігі бүйрек, бауыр жəне жүрек трансплантаттауын қажет етеді. Тек өткен жылдың өзінде қайтыс болғаннан кейінгі донорлардан 18 донорлық процесс жүргізіліп, өмірлік маңызды ағзаларды трансплантаттау бойынша 68 операция жасалған. Донорлықтың, сондай-ақ ағзаларды немесе тіндерді трансплантаттаудың құқықтық негіздері «Халық денсаулығы жəне денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекс негізінде реттеледі. Мəселен, кодекстің 209-бабы 4 жəне 5-тармақтарына сəйкес адамның ағзасын мəжбүрлеп алуға, сатып алу-сатуға тыйым салынады. Кез келген азамат тірі кезінде мəйіттік донор болуға келісімін бере алады немесе бас тарта алады. Бұл медициналық мекеме немесе электронды үкімет порталы (egov.kz) арқылы жазбаша өтініш беру жолымен жүзеге асады. Өтініш денсаулық сақтау жүйесінің бірыңғай ақпараттық жүйесінде тіркеледі. Дəрігерлер сол арқылы қажет болған жағдайда адамның өз еркін білдіргені туралы деректерге жедел қол жеткізеді. Азаматтар кез келген уақытта жаңа өтініш беріп, өз шешімін өзгерте алады. Адам өміріне арашашы болу əркімнің өз қолында, өз жүрегінде.
Ж.ҚҰДАЙБЕРГЕН


