Жерге қатысты дау-жанжалда сот ҚР Конституциясын, Жер туралы, Аза маттық, Азаматтық процестік және Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс тердің нормалары мен іс жүргізу тәртібін реттейтін заңдарды басшылыққа алады.
Əкімшілік рəсімдік процестік кодекстің 129-бабының 3-бөлігінде көрсетілгендей, жауапкер əкімшілік актідегі негіздемелерге ғана сілтеме жасайды. Атқарушы орган жер учаскесіне құқық беру туралы өз шешімін онда көрсетілген талаптар орындалғанға дейін өзгертіп, жоюы мүмкін. Мемлекеттік тіркеуден өткен актінің күшін атқарушы орган жоя алмайды. Осы себепті, жерге құқық туралы туындаған дау сот тəртібімен шешіледі. Мемлекеттік органдардың шешімдеріне, сондай-ақ, əрекетіне байланысты шағымдар қатарына жер учаскесін беру, тоқтату, мақсатын өзгерту, меншік иелерінің, сонымен бірге жерді пайдаланушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын жəне өзге де мəселелер бойынша даулар жатады. Кей кезде заң талабына сай жоғарыда аталған кодекс шеңберінде сотқа дейінгі рəсімнен өту керек болады. Жер дауларына қатысты соттылық қағидалары Əкімшілік рəсімдік процестік кодекстің 102-106-баптарымен бекітілген. Əкімшілік процесте даулы акті мен шешімді қабылдауға немесе əрекет пен əрекетсіздікке негіз болған мəн-жайлардың дəлелдеу міндетін тиісті мемлекеттік орган не лауазымды адам көтереді. Осы норма жеке жəне заңды тұлғалар құқықтарын қорғауда тиімді саналады, себебі, азаматтарға қарағанда дəлелдемелерді ұсынуда мемлекеттік органдардың мүмкіндігі зор. Жер даулары барлық уақытта маңызды əрі өзекті саналады. Мысалы, мұндай істерде көбінесе басты мəселе əкімшілік актілерге дау айтуда, яғни, жер учаскесін беруден бас тарту, оның нысаналы мақсатын өзгерту немесе оны алып қоюға байланысты туындайды. Жер учаскесіне құқық беру туралы өтініш ол келіп түскен күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қаралуы қажет. Бұлай болмаса əр адам өзі берген өтінішке тиісті шара көрілмесе, яғни, əкімшілік акт қабылданбай, ол бойынша жауап берілмей жатса осы отыз күн өткен соң сотқа жүгіне алады. Дау айту туралы талап қоюды сотқа шағымды қарайтын органның шешімі табыс етілген күннен бастап бір айдан кешіктірмей беру керек. Сотқа дейінгі тəртіп заңмен көзделмеген, сондай-ақ, шағымды қарайтын орган болмаған жағдайда талап қою əкімшілік актісі табыс етілген күннен бастап немесе осы кодекс пен ел заңнамасында белгіленген тəртіппен талапкер назарына жеткізілген кезден бастап бір ай ішінде беріледі. Талап қою ды беру уақытының тəртібі Əкімшілік рəсімдік процестік кодекстің 136-бабымен айқындалған. Осы тұста тоқталып өтерлігі, жер учаскесіне құқық Жер кодексінің 43-бабына сəйкес беріледі. Ал елдімекендерде объектілер салуға бөлінетін жер учаскесі осы кодекстің 44-1 жəне 44-2-баптарында қарастырылған. Жер учаскелерін пайдалануға беру, оларды алып қою жөнінде Жер кодексінің 16, 17, 18, 19-баптарымен шешім қабылданған жағдайда жергілікті атқарушы органның өкілеттігі тексеріледі. Өйткені, мұндай мəселеде лауазымды адамның өз өкілеттігін асыра пайдалануы əбден мүмкін. Мұндай кезде акті Əкімшілік рəсімдік-процестік кодексте белгіленген тəртіппен жарамсыз деп танылуы мүмкін. Содықтан жер учаскесінің орналасқан орны мен шекарасы анықталып, осы аумаққа кіретін жерлердің құқықтық құжаттар жанжақты тексеріледі. Тағы бір айтып өтерлігі, əкімшілік рəсімдер тəртібін сақтау, жер учаскелерін беру, оларға құқықтарды рəсімдеу, сонымен қатар, алып қою рəсімін жүргізу сынды процедураларды бұзу өз кезегінде сот шешімін заңсыз деп тануға негіз болады. Сондықтан, барлық əрекет заң шеңберінде атқаруды талап етеді. Жер дауларында бəсекелестік, адалдық жəне азаматтардың құқықтарын қорғау сияқты əкімшілік рəсім принциптері қолданылады. Жерге байланысты даулардың сот тəртібімен қаралуы тараптардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауда, сондай-ақ, əділеттілікті қалпына келтіруде маңызды рөл атқарады.
Б.МОЛДАҒАЛИЕВ, Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық əкімшілік сотының судьясы


