Қазақстан мен Орталық Азия: өзара трансформация және жаһандық трендтер

Орталық Азия және Қытай геосаяси тұрғыдан аса маңызды аймақта орналасқан. Бұл өңір ірі державалар мен аймақтық серіктестердің экономикалық, көлік және саяси мүдделері тоғысатын кеңістікке айналуда. Мұндағы стратегиялық әріптестік тек географиямен ғана емес, ортақ тарихи негізбен, ұқсас әлеуметтік-экономикалық міндеттермен және жаһандық өзгерістер кезеңінде интеграцияны тереңдетуге деген ұмтылыспен айқындалады.

Орталық Азия бренд жəне стратегиялық маңызға ие. Бірінші, оның геосаяси орналасуы. Өңір Ресей, Қытай, Таяу Шығыс жəне Оңтүстік Азия арасындағы маңызды кеңістікте орналасқан. Ол негізгі көлік дəліздерінің торабында тұр, соның ішінде Ұлы Жібек жолының бағыттары да осы аймақ арқылы өтеді. Қауіпсіздік мəселелері көші-қон ағындары, терроризм жəне сыртқы державалардың ықпалы сияқты тəуекелдермен тығыз байланысты. Екінші, табиғи ресурстары. Орталық Азия мұнай, газ, уран секілді энергетикалық жəне критикалық минералдардың ресурстарына бай. Қазақстан уран экспорттаушы жетекші мемлекеттердің бірі, əрі ірі мұнай өндіруші ел ретінде бүкіл өңірдің энергетикалық стратегиясына ықпал етеді. Өңір ішіндегі стратегиялық əріптестік: интеграциялық үдерістер мен аймақтық бастамаларды қолдау ерекше маңызға ие. Экономикалық ынтымақтас тық энергетика, инфра құрылым жəне агроөнеркəсіп саласындағы бірлескен жобалар арқылы дамуда. Көлік жəне логистика бағытында теміржолдар мен халықаралық дəліздерді жаңғырту жаңа нарықтарға шығуға көмектеседі. Электр энергиясы мен су ресурс тарымен алмасу орнықты дамудың негізгі шарттарының бірі болып отыр. Соңғы жылдары аймақ елдері екіжақты жəне көпжақты байланыстарды белсенді дамытуда. Атап айтқанда, БҰҰ Бас Ассамблеясының 2025 жылғы 4 наурыздағы қарарына сəйкес, БҰҰның Алматыдағы Аймақтық хабы, БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстандағы орнықты даму мақсаттарының Аймақтық орталығы белсенді дамып келеді. Қазақстан экономикалық жəне саяси тұрғыдан аймақтық кооперацияның негізгі қозғаушы күшінің бірі ретінде көрініп отыр. Өзара трансформация. Экономика жəне əлеуметтік үдерістер, экономиканы əртараптандыру – өңір елдерінің барлығы үшін басты басымдық. Қазақстан өзінің ресурстық əлеуетін өңдеуші өнеркəсіпті, транзиттік мүмкіндіктерді жəне жоғары технологияларды дамытуға бағыттауда. Өзбекстан инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатында ауқымды реформалар жүргізуде. Қырғызстан, Тəжікстан жəне Түрікменстан энергетика мен ауыл шаруашылығы, туризм салаларындағы ынтымақтастықты нығайтуда. Əлеуметтік трансформация да айқын байқалады. Өңір ішіндегі көші-қон байланыстары еңбек нарығына əсер етуде, ауылдық жерлерден қалаларға жұмыс күші ауысуда. Ғылыми, білім беру жəне мəдени алмасулардың жаңаруы ортақ коммуникациялық алаң қалыптастыруда. Жаһандық трендтердің ықпалы. Ірі ойыншылармен экономикалық интеграция ерекше рөл атқарады. Қытайдың «Бір белдеу – бір жол» бастамасы көлік-логистикалық байланыстарды күшейтті. Қытай инвестициялары аймақтық экономикаларды жаңғыртудың маңызды факторына айналды. Ресеймен тарихи, экономикалық жəне əлеуметтік байланыстар берік сақталуда. Өңір елдері Еуразиялық экономикалық одақ жəне Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы аясында өзара іс-қимыл жасауда. Сонымен қатар Еуропалық Одақ, АҚШ жəне Парсы шығанағы елдері энергетика мен сауда салаларында экономикалық қатысуын кеңейтуде. Болашақ перспективалар. Өңірлік интеграцияны күшейту – басты міндеттің бірі. Энергетика, логистика, цифрлық экономика жəне білім беру саласындағы күш-жігерді біріктіру синергетикалық нəтиже береді. Орнықты даму басымдықтарының артуы – «жасыл» экономикаға көшу, тұрақты ауыл шаруашылығын дамыту жəне энергияға тиімді технологияларды енгізу арқылы жүзеге асады. Қазақстан өзінің экономикалық əлеуеті мен белсенді сыртқы саясатының арқасында өңірлік транзит пен кооперацияның орталығына айналу мүмкіндігіне ие. Қазақстан мен Орталық Азия елдері жаһандық трендтер мен ұлттық стратегиялық міндеттердің тоғысқан кезеңінде тұр. Біздің əріптестігіміз – бұл тек экономикалық байланыстар ғана емес, сонымен қатар қауіпсіздік, орнықты даму жəне халықаралық аренадағы тиімді ықпалдастықты талап ететін ортақ жауапкершілік. Бұл үдерістің табысты болуы өңір мемлекеттерінің əлемдік экономиканың өзгермелі жағдайларына бейімделу қабілетіне жəне сыртқы серіктестермен ұлттық тəуелсіздікке нұқсан келтірмей теңгерімді қатынастар орната білуіне байланысты.

Алмаша АРЕНОВА, Сырты істер министрлігінің Алматы қаласындағы өкілдігінің Саяси ынтымақтастық басқармасының басшысы

Қазыбек Иса: Теріс діни ағымдарға заңмен тыйым салатын уақыт келді

«Ақ жол» партиясы фракциясының мүшесі Қазыбек Исаның Бас прокурор...

Жаңа технология отандық сотты жаңа биікке жетелейді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды Цифрландыру және жасанды...

​ҒЫЛЫМҒА СЕРПІН БЕРГЕН ОНКҮНДІК

2026 жылы 1 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық...

Когда справедливость требует времени

Вопрос справедливости судебного решения редко заканчивается на первой или...

Апостильдің маңыздылығы

Апостиль – елдер аумағында ұсынуға арналған құжаттың заңдылығы туралы...