Атыраудағы қанды қылмыс: Күдікті өмір бойына сотталуы мүмкін 

Атырау облысындағы Жангелдин ауылында Қарабалиндер отбасының қазасына қатысты тергеу жалғасып жатыр – негізгі күдікті Сұлтан Сарсемалиевке тағылған айыптар кеңейтілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Енді оған екі және одан да көп адамды өлтіру ғана емес, бірнеше рет жасалған кісі өлтіру айыбы да тағылып отыр.

Сонымен қатар іс аясында қосымша эпизодтар бар:
• ұрлық (ҚР ҚК 188-бабы 2-бөлігі)
• алаяқтық (ҚР ҚК 190-бабы)

Прокуратураның мәліметінше, бұл қаза болғандардың жеке заттарын иемдену және олардың малын сатып жіберу деректеріне қатысты.

Адвокаттардың түсіндіруінше, «екі және одан да көп адамды өлтіру» бір эпизодқа қатысты болса, «қайталанған кісі өлтіру» қылмыстың әртүрлі уақытта жасалғанын білдіреді.

Екі айып та ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлігіне жатады. Бұл бап бойынша 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына соттау жазасы қарастырылған.

Қоғамдағы резонанс пен күдіктінің елден қашуға әрекет жасағанын ескерсек, сарапшылар сот өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Қосымша баптар – ұрлық пен алаяқтық – жалпы жазаға енгізіледі, алайда әдетте жеңілірек жазалар қатаң жазаға сіңіріледі.

Еске салайық, бұған дейін Атырау облысындағы Жангелдин ауылынан ерлі-зайыпты мен олардың екі ересек баласы бар отбасының хабар-ошарсыз кеткені белгілі болған еді.

Ал 6 қаңтарда жантүршігерлік дерек белгілі болды. Үйдің жанындағы қорадан ерлі-зайыптылардың мәйіті табылған.

Кейін құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында күдікті ретінде марқұм зейнеткерлердің күйеу баласы Сұлтан Сәрсемалиевтің аты-жөні көрсетілген жазба жарияланды. Ол жұбайымен бірге халықаралық іздеуге алынды.

Сондай-ақ біз Атырау облысындағы қоғамды шошытқан сұмдық оқиғаның хронологиясына тоқталған едік.

Аталған іске қатысты полиция атыраулық «хакерді» іздестіріп жатқанын да жариялады. Одан кейін марқұм әйелдің соңғы аудиохабарламасы күдік тудырғаны айтылды.

Одан кейін Индонезияда күдіктінің ұсталған сәттегі фото-видеосы жарияланды. 

Күдіктілер Индонезиядан елге жеткізілді. 

Тамыздан бастап мерекелік төлемдерді ЖИ тағайындайды 

Еңбек министрлігі әлеуметтік қолдау шараларын цифрландыруды күшейтіп, бір өтініш арқылы қызмет алуға мүмкіндік беретін бірыңғай платформаны барлық өңірде іске қосты.

Президент кәсіби спортшы Шавкат Рахмоновқа көңіл айту жеделхатын жолдады 

Мемлекет басшысы кәсіби спортшы, аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновқа көңіл айту жеделхатын жолдады.

Дрондар жол ережесін бұзғандарды анықтайды: Қазақстан жолдарында бақылау күшейтілді 

Полиция жолдағы тәртіпті дрондар, мобильді кешендер және орташа жылдамдықты анықтау жүйелері арқылы бақылайды.

Қазақстан экономикасы жеті айда 4,1%-ға өсті 

Қазақстан экономикасының жеті айдағы өсімі сыртқы сын-қатерлерге қарамастан тұрақтылығын сақтап отыр.

Бүгін үш қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін 

Синоптиктердің айтуынша, ауадағы ластану деңгейіне жел, жауын-шашын, ауа ылғалдылығы мен температура сияқты факторлар әсер етеді.