Солтүстік Корея АҚШ аумағына жететін зымыран әзірлеп жатқанын мәлімдеді – БАҚ 

Солтүстік Кореяның мемлекеттік БАҚ-тары АҚШ аумағындағы нысандарды соққыға алуға қабілетті деп мәлімделген зымырандарға арналған жаңартылған реактивті қозғалтқыштың сынақтан өткенін хабарлады. Бұл туралы BAQ.KZ DW-ге  сілтеме жасап хабарлайды.

Хабарлама жексенбі, 29 наурыз күні жарияланған, материалда Associated Press агенттігінің деректері келтірілген.

Сынақ барысын КХДР басшысы Ким Чен Ын бақылап, бұл әзірлемені елдің стратегиялық әскери әлеуетін күшейтетін «елеулі жетістік» деп атаған.

Кореяның орталық ақпарат агенттігінің мәліметінше, көміртекті композит материал негізінде жұмыс істейтін қозғалтқыштың ең жоғары тарту күші 2500 килоньютонды құрайды. Бұл өткен жылдың қыркүйегінде қатты отынды қозғалтқышты сынау кезінде айтылған 1970 килоньютон көрсеткішінен жоғары.

Сонымен қатар, Пхеньян неғұрлым маневрлі, АҚШ пен оның одақтастарына ұстатуы қиын зымырандар жасауды көздеп отырғанын мәлімдегенімен, сарапшылар мұндай алыс қашықтыққа ұша алатын қозғалтқыш жасалды деген мәлімдеме асыра айтылған болуы мүмкін екенін атап өтті.

Материалда сондай-ақ қатты отынды қозғалтқышы бар зымырандарды сұйық отынды зымырандарға қарағанда тасымалдау мен ұшыру кезінде жасыру жеңілірек екені айтылған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ким Чен Ын өз елінің Оңтүстік Кореяны «ең дұшпан мемлекет» ретінде ресми түрде танығанын мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, Пхеньян Сеулді толықтай елемейді және кез келген арандатушылық әрекеттерге «қатал» жауап береді.

ҚҚС 16%: Жаңа Салық кодексі кімге қалай әсер етеді? 

Қазақстанда Салық кодексін жетілдіру жұмыстары жалғасып жатыр. Бүгінде Үкімет жанынан құрылған арнайы жобалық кеңсе аясында мемлекеттік органдар, бизнес өкілдері мен сарапшылардан түскен ұсыныстар қаралып, қолданыстағы нормаларды жетілдіруге бағытталған 60-тан астам мәселе талқыланған.

Қазақстандықтар сәуір айында неше күн демалады? 

Биыл сәуір айы «ұзақ демалыссыз» өтеді. Бұл айда ешқандай мемлекеттік мереке болмағандықтан, қазақстандықтар тек сенбі және жексенбі күндері демалады.

Бүгін Жер сағаты акциясы өтеді 

28 наурызда Қазақстан тағы да жаһандық экологиялық бастаманың бір бөлігі болады: "Жер сағаты" акциясы өтеді.

Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр 

Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Алатау қаласының ерекше мәртебесі туралы» конституциялық заң жобасы екінші оқылымда қаралады.

Енді несие алу қиындайды: Кімдерге ақша берілмейді? 

1 шілдеден бастап Қазақстанда несие беру ережелері өзгереді.