Эксаумақтық соттылықтың артықшылығы көп 

Сот жүйесінде жүргізіліп жатқан реформалар сот төрелігін әділ іске асыруға, сол арқылы жеке және заңды тұлғалар құқықтарының, сондай-ақ, заңды мүдделерінің толық қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталған. Жұртшылықтың сотқа деген қолжетімділігін, яғни, сотқа жүгіну механизмін жеңілдетуді көздейтін реформаның бірі — эксаумақтық соттылық институты 2022 жылы енгізілді. 

Осы жылдар ішінде аталған институт сот ісіне қатысушылардың уақытымен қоса қаржысын да үнемдеуде тиімділігін көрсетті. Эксаумақтық соттылық институты тараптарды тұрғылықты мекенжайға немесе мүліктің орналасқан жеріне қарамай, сотқа жүгіну мүмкіндігіне ие етті.  

Республикамыздың азаматтық, қылмыстық, әкімшілік заңнамаларында эксаумақтық соттылықтың тәртібі реттеліп, істі басқа сотқа беру немесе соттылықты өзгерту жағдайлары бекітілген.

Іс эксаумақтық сотқа екі тараптың келісімі болғанда ғана беріледі. Өтініш бір тараптан ғана түсіп, екінші жақ онымен келіспесе іс басқа аумақтың сотына беруге жатпайды. Аумақтан тыс соттылық бойынша істер республиканың барлық соттары арасында бөлінеді. Яғни, соттың тараптар орналасқан аумақтан қашық болуы кедергі келтірмейді, олар бейнебайланыс арқылы онлайн режимде процеске қатыса алады. 

Азаматтық процестік кодекстің 32-бабына сәйкес, азаматтар өзара келісімнің негізінде істі сот талқылауына дайындау сатысында осы іс үшін, оның ішінде соттың іс жүргізуінде жатқан істер бойынша аумақтық соттылықты өзгертуге, яғни, эксаумақтық соттылықты таңдауға құқылы. Бірақ, 31-баппен белгіленген соттылық тараптар келісімі болған күннің өзінде өзгертілмейді. 

Эксаумақтық соттылықты қолдану тәртібіне келсек, Азаматтық іс қозғалған соң оны сот талқылауына дайындау туралы ұйғарым шығарылып, тараптарға заңдылығы түсіндіріледі. Тараптар аумақтан тыс соттылықты таңдаған жағдайда өтініш беріп, оны шартта немесе қосымша келісімде арнайы тармақпен белгілейді. Мұндай келісім сот істі іс жүргізуге қабылдағанға немесе сот талқылауы аяқталғанға дейін рәсімделуі тиіс. Өтініш сотпен қанағаттандырылса іс автоматты түрде жүктемесі аз, қарау құзыретіне дәл осындай істер кіретін соттарға жолданады.

Эксаумақтық соттылықты қолдану төтенше жағдай кезінде қолайлы, тағы бір артықшылығы жергілікті билік, т.б. органдар тарапынан орын алуы мүмкін ықпалды болдырмайды, сонымен қатар, соттардың тәуелсіздігі мен бейтараптығын күшейтіп, жүктеменің біркелкі болуын қамтамасыз етеді. Ең бастысы, тамыр-таныстық пен сыбайлас-жемқорлықтың жолын кеседі. Себебі, істердің автоматты түрде бөлініп, талапкер мен жауапкердің тұрғылықты жерінен алыс аумақ сотында қаралуы, жан-жақты және объективті зерттелу мүмкіндігін арттырады.

Аталған ерекшеліктер сот жүйесін жаңғырту мен азаматтардың құқықтарын қорғауда айрықша маңызға ие. Әрі заң үстемдігін қамтамасыз етудің тиімді тетігі саналады.

Индира Абекова,

Түрксіб аудандық сотының судьясы

Алматы қаласы

Телефоны под прикрытием: водитель ИП пытался провести гаджеты в колонию

В учреждении №12 средней безопасности Департамента по Алматинской области...

Лудомания – ғасыр дерті

Құмар ойындар тек жекелеген адамдардың тағдырына ғана емес, жалпы...

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...