Қазақстандықтар сәуір айында неше күн демалады? 

Сәуір айында бес күндік жұмыс аптасымен жұмыс істейтін қазақстандықтар 8 күн демалады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

2026 жылдың сәуірінде қазақстандықтар қанша күн демалады?

Биыл сәуір айы «ұзақ демалыссыз» өтеді. Бұл айда ешқандай мемлекеттік мереке болмағандықтан, қазақстандықтар тек сенбі және жексенбі күндері демалады.

Демалыс күндерінің саны жұмыс кестесіне байланысты болады:

  • Бес күндік жұмыс аптасы үшін: 8 демалыс күні және 22 жұмыс күні;
  • Алты күндік жұмыс аптасы үшін: 4 демалыс күні және 26 жұмыс күні.
  • Қазақстандықтар сәуір айында қандай мерекелерді атап өтеді?
  • Сәуір айында қазақстандықтар бірқатар кәсіби, мерекелік және халықаралық даталарды атап өтеді:
  • 5 сәуір — Қазақстанның көші-қон қызметі күні;
  • 7 сәуір — Дүниежүзілік денсаулық күні және Мемлекеттік қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің күні;
  • Сәуірдің бірінші жексенбісі (5 сәуір) — Геологтар күні;
  • 12 сәуір — Авиация және ғарышкерлік күні, сондай-ақ Ғылым қызметкерлері күні;
  • 15 сәуір — Қазақстандағы Ғашықтар күні («Қозы Көрпеш — Баян Сұлу» күні);
  • 16 сәуір — Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы қызметкерлерінің күні;
  • 21 сәуір — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі күні;
  • 22 сәуір — Халықаралық Жер күні;
  • 23 сәуір — Ұлттық кітап күні.

Жұмыс істейтін оқушылардың құқығы қалай қорғалмақ?

Министрлік кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта жұмыс істеуі мен жалақы төленбеу деректері анықталғанын мәлімдеді.

Размытые границы дозволенного

РОСТ НАРКОЗАВИСИМОСТИ, АЛКОГОЛИЗМА, ЛУДОМАНИИ И РАСПРОСТРАНЕНИЕ АГРЕССИВНОЙ ПУБЛИЧНОЙ ЛЕКСИКИ СТАНОВЯТСЯ ЗАМЕТНЫМИ СОЦИАЛЬНЫМИ ВЫЗОВАМИ. ПАРЛАМЕНТАРИИ СЧИТАЮТ, ЧТО СКЛАДЫВАЮЩИЕСЯ В ОБЩЕСТВЕ ТЕНДЕНЦИИ ТРЕБУЮТ БОЛЕЕ СИСТЕМНОГО ПОДХОДА СО СТОРОНЫ ПРОФИЛЬНЫХ ВЕДОМСТВ И УСИЛЕНИЯ ПРОФИЛАКТИЧЕСКОЙ РАБОТЫ, ОСОБЕННО СРЕДИ МОЛОДЕЖИ.

Алматы әуежайына кіру сызбасы өзгерді

Алматы әуежайы баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл жұмыстар инфрақұрылымды жақсарту және қолайлылықты арттыру мақсатында жүргізіліп жатыр.

Алматы мектептерінде 357 мыңнан астам оқушы оқу жылын аяқтады

Алматыда 2025–2026 оқу жылы ресми түрде қорытындыланды. Қаладағы 360 мектепте білім алған 357 222 оқушы үшін жазғы демалыс басталды. Бұл туралы Алматы қаласы Білім басқармасының өкілдері хабарлады.

Айыппұлдар кешіріледі: Тұңғыш әкімшілік амнистияға қандай бұзушылықтар ілігеді? 

Қазақстан тарихында алғаш рет әкімшілік амнистия өткізу ұсынылып отыр.