«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ»»

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі заманның ең өзекті мәселелерінің бірі. Бұл кесел қоғамның барлық саласына сіңіп, елдің дамуына кесерін тигізіп отыр. Сыбайлас жемқорлық дегеніміз – лауазымдағы адамдардың өздерінің билік өркіндүние-мүлкін, өзінің жеке басының пайда үшін пайдалануы.

Сыбайлас жемқорлықтың түрлері көп. Олардың ішінде ең көп таралғандары – пара алу, пара беру, қызмет бабын теріс пайдалану, қызметтік өркіндіктерді асыру, шенеуніктердің парақорлығы, саяси жемқорлық, мемлекеттік сатып алудағы жемқорлық, мемлекеттік бюджет қаржысын жымқыру және т.б.

Сыбайлас жемқорлықтың зардаптары өте ауыр. Ол елдің экономикалық дамуына кесерін тигізіп, халықтың сенімін жоғалтады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – баршаның міндеті.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу жолдары»:

1. Заңды күшейту. Сыбайлас жемқорлық үшін жазалауды күшейту керек.

2. Мемлекеттік қызметшілердің жалақысын көтеру. Мемлекеттік қызметшілердің жалақысын көтеру арқылы олардың пара алуға деген қызығушылығын азайтуға болады.

3. Ашық және айқындық.  Мемлекеттік органдардың жұмысын ашық және айқын ету керек.

4. Халықтың санасын өзгерту. Халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді болуға шақыру керек.

5. Сыбайлас жемқорлық фактілерін хабарлау. Сыбайлас жемқорлық фактілерін хабарлау үшін арнайы желілер құру керек.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – ұзақ мерзімді процесс. Бірақ егер барша қоғам болып күрескенде ғана біз бұл кеселден арыла аламыз.

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!

Ханзалиева Аида Алтаевна.

Орал қаласының №2 сотының бас маман-сот отырысының хатшысы

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...

Дружба, связанная правом и веками 

25 октября в Республике Казахстан отмечается главный национальный праздник...