Қоғам сенімін қалыптастырудағы мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары

Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет – қоғам мен мемлекет алдындағы үлкен жауапкершілік. Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби қызметі тек заң талаптарына ғана емес, сонымен қатар жоғары адамгершілік қағидаттарына негізделуі тиіс.

Осы мақсатта қабылданған Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі олардың мінез-құлқының жалпы стандарттарын айқындайды.

Ең алдымен, мемлекеттік қызметші адалдық, әділдік және ашықтық қағидаттарын ұстануы қажет. Ол өз қызметін жүзеге асыру барысында заңдылықты басшылыққа алып, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауы тиіс. Қызметтік өкілеттіктерін жеке басының пайдасы үшін пайдалануға жол берілмейді.

Сыпайылық пен әдептілік – мемлекеттік қызметшінің басты қасиеттерінің бірі. Азаматтармен қарым-қатынас барысында қызметші сабырлы, құрметті және бейтарап болуы керек. Қандай да бір жағдайда эмоцияға берілмей, қызметтік этиканы сақтау – қоғам сенімін нығайтудың маңызды шарты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл да мінез-құлық стандарттарының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Мемлекеттік қызметші кез келген заңсыз ұсыныстан бас тартып, мүдделер қақтығысына жол бермеуі тиіс. Ашықтық пен есептілік қағидаттарын сақтау мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырады.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметші қоғамда және тұрмыста да өзін лайықты ұстауы қажет. Әлеуметтік желілерде,  көпшілік орындарда айтылған пікірлер мен жасалған әрекеттер мемлекеттік органның беделіне әсер етуі мүмкін екенін ескеруі тиіс.

Қорытындылай келе, мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлықтың жалпы стандарттарын сақтау – халық сенімін арттырудың, мемлекеттік аппараттың тиімділігін күшейтудің және құқықтық мемлекетті дамытудың маңызды кепілі. Әдеп кодексінің талаптарын орындау – әрбір мемлекеттік қызметшінің азаматтық және кәсіби борышы.

           Орал қаласының №2 сотының аға сот приставы У.Қ.Қайырмұхамбетов

Атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру – әділетті құқықтық жүйенің талабы

Кез келген құқықтық мемлекеттің беделі әділ заңдардың қабылдануымен немесе...

Молодой ученый ЕНУ получил жилищный сертификат в рамках государственной поддержки

Старший преподаватель кафедры биотехнологии и микробиологии Института естественных наук...

ЕҰУ-дың жас ғалымы мемлекеттік қолдау аясында пәтер сертификатына ие болды  

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Жаратылыстану ғылымдары институтының...

Литературный мост между Казахстаном и Китаем

На полях 30-й Южнокитайской книжной выставки, прошедшей в Гуанчжоу,...

Дух Великой степи

В Национальном музее искусств Республики Казахстан им. Абылхана Кастеева...