Белгілі блогер таңнан бері сайлау учаскелерінде жоғары белсенділік байқалатынын айтты

«Ел Дауысы» қоғамдық қорының жетекшісі, белгілі блогер Аида Жексенова қор бақылаушылары таңнан бастап еліміздегі сайлау учаскелерінде тіркеліп жатқан сайлаушылардың жоғары белсенділік танытып жатқанын хабарлады.

Оның айтуынша, көптеген өңірлерде азаматтар учаскелер ашылмай тұрып-ақ жинала бастаған, ал дауыс беруге келгендердің легі тұрақты түрде жалғасып отыр. Келушілердің арасында аға буын өкілдері, студенттер мен жастар көп.

«Біз азаматтардың дауыс беруге қатысуға деген шынайы қызығушылығын көріп отырмыз. Таңертеңнен бастап учаскелерге келушілер көп, ал біздің бақылаушылар жергілікті жерде болып жатқан үдерістерді тіркеп жатыр», деп атап өтті ол.

Сондай-ақ Жексенова команда мүшелеріне ұзақ әрі жауапты жұмысқа дайын болғандары үшін алғысын білдіріп, тәуелсіз бақылаудың негізгі қағидаттарын еске салды. Оның айтуынша, бүгін «Ел Дауысы» қорының бақылаушылары Қазақстанның 32 қаласында жұмыс істеп жатыр.

Атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру – әділетті құқықтық жүйенің талабы

Кез келген құқықтық мемлекеттің беделі әділ заңдардың қабылдануымен немесе...

Молодой ученый ЕНУ получил жилищный сертификат в рамках государственной поддержки

Старший преподаватель кафедры биотехнологии и микробиологии Института естественных наук...

ЕҰУ-дың жас ғалымы мемлекеттік қолдау аясында пәтер сертификатына ие болды  

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Жаратылыстану ғылымдары институтының...

Литературный мост между Казахстаном и Китаем

На полях 30-й Южнокитайской книжной выставки, прошедшей в Гуанчжоу,...

Дух Великой степи

В Национальном музее искусств Республики Казахстан им. Абылхана Кастеева...