«Көктөбедегі Көрісу күні»: алматылықтарды дыбыстық дрондар мен роботтар Көрісу күнімен құттықтады

14 наурыз күні Алматыда Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамының бастауы саналатын Көрісу күні кең көлемде атап өтілді. Мерекелік іс-шара қаланың көрікті орындарының бірі – Көктөбеде өткен «Көктөбедегі Көрісу» атты концерттік бағдарламамен басталып, қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше әсер сыйлады.

Биылғы мерекелік кештің басты ерекшелігі – заманауи технологиялардың кеңінен қолданылуы болды. Іс-шара дыбыстық дрондардың әсерлі әуе шоуымен ашылып, Көктөбе аспаны мерекелік көрініске бөленді. Жоғары технологиялы дрондар әуеде қала тұрғындары мен қонақтарын Наурыз мейрамымен құттықтап, Көрісу күніне тән ерекше мерекелік атмосфера қалыптастырды. Бұл әсерлі көрініс жиналған көпшіліктің ыстық ықыласына бөленіп, концерттің символдық басталуына айналды.

Кештің ең ерекше әрі көпшіліктің қызығушылығын тудырған сәттердің бірі «Жасанды интеллект жылы» аясында роботтардың мерекеге қатысуы болды. Заманауи роботтар халық арасына шығып, көпшілікпен көрісіп, құшақтасып, мерекелік көңіл күй сыйлады.

Мерекелік бағдарлама «Алатау» дәстүрлі өнер театры артистері дайындаған театрландырылған қойылыммен жалғасты. Қойылымда қазақ халқының көне дәстүрі – көрісу салты сахналанды. Артистер көрермендермен көрісіп, құшақтасу арқылы Көрісу күнінің мәні мен маңызын айшықтай түсті.

Кеште қазақстандық танымал өнер жұлдыздары өнер көрсетті. Концертте Айгүл Қосанова, Мәдина Сәдуақасова, «Алатау серілері», «КешYOU», «Made in KZ», «Тұмар» топтары және «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі көрермендерге мерекелік көңіл күй сыйлады.

Іс-шараға 2000-нан астам адам қатысты. Бұл күні Көктөбеге көтерілетін аспалы жол келушілер үшін тегін болды. Сонымен қатар мерекеге келген тұрғындар мен қонақтарға тегін шай ұсынылды.

Дрондар мен роботтардың қатысқан «Көктөбедегі Көрісу» мерекесі алматылықтар мен қала қонақтарына көтеріңкі көңіл күй сыйлап, Наурыз мейрамының басталуын айшықтаған мәдени оқиғаға айналды. Бұл бастама Алматыда Наурыз мейрамын жаңа форматта атап өтудің ерекше үлгісі ретінде есте қалды.

Тіл – халық қазынасы 

Тіл – халықтың жүрегі, ұлттың рухани болмысы мен мәдениетінің...

Тұрғын үйге арналған жаңа құжат – Кадастрлық паспорт

Мемлекет басшысы 05 сәуір 2023 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір...

Мемлекеттік қызметшінің имиджі мен әдебі

Мемлекеттік қызмет-қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты қамтамасыз ететін маңызды...

АСТАНАДА «COUPE MONDIALE 79» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ЖАБЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

27 тамыз күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қоолдауымен,...

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттік және құқықтық жүйенің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық жүйесінің іргетасы, қоғам...