Референдум алдындағы тыныштық күні не істеуге болмайды?

Қазақстандықтарға Конституция бойынша референдум алдындағы тыныштық күнгі жауапкершілік туралы ескертілді. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Не болды?

14 наурыз, сенбі күні, Қазақстанда референдум өткізер алдында заңда қарастырылған тыныштық күні басталады.

Нұрлан Әбдіров тыныштық күні кез келген үгіт-насихатқа тыйым салынатынын айтты.

«Үгіт-насихат жүргізуге болмайды. Тыныштық күні — бұл шын мәнінде тыныштық күні. Ешқандай үгіт-насихатқа жол берілмейді. Егер бір жерде бұрыннан ілінген үгіт материалдары болса, оларды алып тастамайды. Бірақ оларды таратуға болмайды», — деп түсіндірді Әбдіров.

Ол бұл тыйым әлеуметтік желілерге де қатысты екенін айтты.

«Үгіт материалдарын қайта жариялауға (репост) болмайды, қандай да бір белсенді жұмыс жүргізуге тыйым салынады», — деді Орталық референдум комиссиясының басшысы.

Сонымен қатар референдум күні сауалнама нәтижелерін жариялауға тыйым салынады.

Қандай жаза қарастырылған?

Ережелерді бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 102-бабы «Сайлау алдындағы үгiтті оған тыйым салынған кезеңде жүргiзу» бойынша жауапкершілік қарастырылған.

Айыппұл мөлшері:

  • жеке тұлғалар үшін — 15 АЕК (2026 жылы 55 380 теңге);
  • шағын бизнес субъектілері мен коммерциялық емес ұйымдар үшін — 20 АЕК (73 840 теңге);
  • орта бизнес субъектілері үшін — 25 АЕК (92 300 теңге);
  • ірі бизнес үшін — 35 АЕК (129 220 теңге).

Мән-жайы

Еске салайық, 11 ақпанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституция бойынша республикалық референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойған болатын.

Референдумда дауыс беру 15 наурыз күні сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өтеді, азаматтарға қолайлы болу үшін жекелеген аумақтық комиссиялар басқа уақыт белгілеуі мүмкін.

Референдум бюллетенінде бір ғана сұрақ болады, ол «Сіз 2026 жылғы 12 ақпанда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?».

Жалпы түзетулер негізгі заң мәтінінің 84 пайызын қамтыған.

Тараулар немесе баптар бойынша жеке дауыс беру болмайды. Дауыс берушілер құжатты толық қолдау немесе толық қабылдамау арқылы ғана таңдау жасай алады.

Бұған дейін референдум өткізуге шамамен 20,8 миллиард теңге жұмсалатыны хабарланған болатын.

Между долгом и справедливостью

ДЕПУТАТЫ ПОДВЕРГЛИ КРИТИКЕ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ ЧАСТНЫХ СУДЕБНЫХ ИСПОЛНИТЕЛЕЙ И НАМЕТИЛИ ПУТИ РЕФОРМЫ СИСТЕМЫ ИСПОЛНИТЕЛЬНОГО ПРОИЗВОДСТВА, ПОДЧЕРКНУВ НЕОБХОДИМОСТЬ УСИЛЕНИЯ ЗАЩИТЫ ПРАВ ГРАЖДАН, ПРОЗРАЧНОСТИ РАБОТЫ ЧСИ И ВНЕДРЕНИЯ СОВРЕМЕННЫХ ЦИФРОВЫХ ИНСТРУМЕНТОВ КОНТРОЛЯ.

БIЗДI БIРIКТIРЕТIН — ОРТАҚ ОТАНҒА ДЕГЕН АДАЛДЫҚ

Қазақстан Республикасының Судьялар одағының атынан баршаңызды 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын!

Өрт қаупі күшейді: ТЖМ тұрғындарға үндеу жасады 

Жылы күндердің басталуына және өрт қауіпті маусымның келуіне байланысты табиғи өрттердің туындау қаупі артып отыр.

Бір шаңырақ астындағы халық: Қазақстанның этнос құрылымы қалай өзгеріп жатыр?

2026 жылдың басында республика бойынша қазақтардың үлесі 71,5%-дан асады.Қазақстандағы...

Қазақстан халқының бірлігі күні: мерекеге орай қайда баруға болады?

1996 жылға дейін Қазақстанда 1 мамыр Еңбек күні ретінде...