БIЗДI БIРIКТIРЕТIН — ОРТАҚ ОТАНҒА ДЕГЕН АДАЛДЫҚ

Құрметті əріптестер, қадірлі оқырмандар!

Қазақстан Республикасының Судьялар одағының атынан баршаңызды 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын!

Бұл мереке – ел ішіндегі ынтымақ пен татулықтың, өзара құрмет пен түсіністіктің, бейбіт өмір мен баянды болашаққа деген ортақ ұмтылыстың жарқын көрінісі. Бірлік күні – сан алуан ұлт пен ұлыстың бір шаңырақ астында тату-тəтті өмір сүріп, тағдыр тоғыстырған ортақ Отанымыздың игілігі жолында күш біріктіргенін айшықтайтын айрықша мереке. Қазақстан – түрлі мəдениеттер мен дəстүрлер жарасым тапқан, келісім мен тұрақтылық салтанат құрған мемлекет. Халқымыздың рухани тұтастығы мен жарасымды татулығы – Тəуелсіздігіміздің берік тұғыры, мемлекеттілігіміздің мызғымас негізі болып табылады. Халқымыздың бірлігі күні елімізде 1995 жылдың 18 қазанында Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен жарияланып, 1996 жылдан бері ресми түрде аталып келеді. Осы уақыт аралығында Қазақстан ұлтаралық жəне конфессияаралық келісімнің өзіндік, өміршең үлгісін қалыптастырып, əлемге бейбітшілік пен келісімнің тиімді моделін көрсете білді. 130-дан астам ұлт пен ұлыстың татулығы, достығы мен ынтымағы дəріптеліп келеді.

Бұл – сындарлы саясаттың, қоғамдық келісімді стратегиялық құндылық ретінде ұстанудың жəне ортақ жауапкершілік мəдениетінің нəтижесі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған жаңғыру бағыты елдегі қоғамдық тұрақтылықты нығайтуға, заң үстемдігін орнықтыруға жəне азаматтардың құқықтарын сенімді қорғауға бағытталған. Жүргізіліп жатқан реформалар ашықтық пен əділдік қағидаттарына сүйене отырып, қоғамдағы сенім мен өзара құрметті арттыруға қызмет етуде. Бұл бас тамалар Қазақстанның орнықты дамуына жəне əлеуметтік тұтастығын бекемдеуге берік негіз қалайды. Бүгінде Бірлік күні əрбір қазақстандық үшін ерекше мəнге ие қастерлі мерекеге айналды. Тілі мен діні, салт-дəстүрі əртүрлі болғанымен, баршамызды біріктіретін құндылық – ортақ Отанға деген адалдық пен сүйіспеншілік. Əр этнос өкілі өз болмысын сақтай отырып, ел дамуына үлес қосып келеді. Бұл – халқымыздың кеңпейілділігі мен парасаттылығының, өзара сыйластыққа негізделген қоғамдық сананың айқын дəлелі. Тəуелсіздік жылдарында Қазақстан бірлік пен келісімнің арқасында елеулі белестерді бағындырды. Экономикалық өрлеу, халықаралық беделдің нығаюы, қоғамдық тұрақтылықтың сақталуы – осының бəрі ел ішіндегі ынтымақ пен өзара қолдаудың жемісі. Қандай жаһандық сын-қатерлер болмасын, халқымыз бірліктің арқасында оларды еңсеріп, даму жолынан жаңылған емес. Судьялар қауымдастығы ретінде біз де қоғамдағы бейбітшілік пен құқықтық тəртіпті қамтамасыз ету жолында аянбай қызмет етеміз. Əділдік пен заңдылық қағидаттарын басшылыққа ала отырып, əрбір қабылданған шешімде азаматтардың құқықтарын қорғауды, қоғамдағы сенімді нығайтуды жəне ел бірлігін сақтауды басты мұрат санаймыз. Заң үстемдігі мен əділ сот төрелігі – тұрақты əрі татулығы жарасқан қоғамның берік кепілі.

Бірлік күні – өткенімізді саралап, болашағымызды бағамдайтын тағылымды сəт. Бұл мереке татулық пен төзімділік дəстүрлерін дəріптеп қана қоймай, əрқайсысымызға ортақ жауапкершілік жүгін жүктейді. Еліміздің əр жетістігі – өзара түсіністік пен мызғымас достықтың нəтижесі. Бүгінгі буын осы құндылықтарды сақтап, оларды жаңа мазмұнмен байыта отырып, Қазақстанның жарқын келешегін бірге қалыптастыруы тиіс. Бірлік пен келісім – кез келген мемлекеттің табысты дамуының басты шарты. Сондықтан қоғамдағы сыйластық пен татулықты сақтау – баршамыздың ортақ парызымыз. Ынтымағы бекем елдің іргесі берік, болашағы кемел болмақ. Құрметті əріптестер мен қадірлі оқырмандар! Сіздерді Қазақстан халықтарының бірлігі күнімен тағы да құттықтай отырып, əр шаңыраққа амандық, ырыс-береке, өзара түсіністік пен қуаныш тілеймін. Елімізде бейбітшілік пен тұрақтылық мəңгі салтанат құрсын! Бірлігіміз күшті, Тəуелсіздігіміз тұғырлы болғай!

Досжан ƏМІР,
ҚР Судьялар одағының төрағасы

Тауың шағылмасын, жас түлек! Өмiр мемлекеттiк грант алумен өлшенбейдi

Бүгін 2026–2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім грантының нəтижесі жарияланады. Абитуриенті бар əр отбасының көңілі алаң. Мемлекеттің дамып көркеюіне, өзінің білімінің тереңдеп, көзқарас пайымының кеңеюіне үлес қосуға ниетті сан мыңдаған түлектің үміттерін үкілейтін жыл сайынғы осы алаңдаулы сəт санаулы уақыттардан кейін артта қалып, анық жүйрік алға шығады.

Тойға заң керек пе: Қазақстандықтар бір жылда қанша қаржы жұмсайды? 

Қазақстанда той өткізу – жеке отбасының қуанышы. Алайда оның әлеуметтік және экономикалық салдары бір шаңырақтың шеңберінен әлдеқашан шығып кеткен.

Блогер Қайсар Қамза Вьетнамнан Қазақстанға экстрадицияланды 

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыруға жәрдемдесті деген күдікке ілінген азамат Вьетнамнан экстрадицияланды.

Экологиялық дабыл: Англиядағы су қоймаларының бәрі ластанған 

Мәліметке сәйкес, егер судағы қауіпті заттардың мөлшері белгіленген нормадан асып кетсе, су нысаны «жақсы химиялық жағдай» талаптарына сай деп есептелмейді.

Қазақстан көшіп баруға қолайлы Орталық Азиядағы ең үздік ел атанды 

Қазақстан Rumavi компаниясы жыл сайын әзірлейтін Global Relocation Index 2026 нұсқасы бойынша көшіп баруға қолайлы Орталық Азиядағы ең үздік ел атанды.