12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты аясында тұрақты жұмыс істейтін Филология ғылымдары зерттеулерін сараптамалық үйлестіру орталығының кезекті отырысы өтті. Көрнекті тілтанушы ғалым, академик Шора Сарыбаевтың туған күніне орайластырылған басқосуға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Алматы қалалық филиалы қолдау көрсетіп отыр.

«Филология ғылымдарының зерттелуі: өзекті мәселелері және шешу жолдары» тақырыбына арналған жиында отандық тілтаным ғылымын жүйелеу, ғылыми ізденістердің бағыт-бағдарын айқындау, диссертациялық жұмыстардың мазмұндық сапасын күшейту мәселелері талқыланды. Отырысты ҚР Президенті жанындағы ҰҒА Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры, академик Кәрімбек Құрманәлиев жүргізді. Бұл отырыста орталық филология ғылымдары бойынша еліміздегі ірі жоғары оқу орындарының диссертациялық кеңес басшыларын бір жерге жинап, қоғамда қызу талқыға түсіп жүрген тақырыптарды күн тәртібіне шығарды.

Ғылым саласындағы мұндай жұмыс зор жауапкершілікті талап етеді. Бүгінде орталық ғылыми ой-пікір алмасатын, зерттеулер сарапталатын беделді алаңға айналып отыр. Бұл тек академиялық міндет қана емес, сонымен қатар ұлттық болмысты айқындайтын стратегиялық бағыт. Орталық қызметі сараптамалық зерттеулермен ғана шектелмей, филология ғылымдарының дамуына серпін беретін ауқымды міндеттерді қамтиды, – деді жиынды ашқан Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы-Ректоры Болат Тілеп.

Сараптамалық үйлестіру орталығы отандық филология ғылымдарының дамуына жүйелі түрде үлес қосуды мақсат етеді. Онда ғылыми диссертация тақырыптарын бірыңғай база арқылы қадағалау, талқылаудан өткізу т.б. өзектіліктерді қарастырды. Ғалымдар барлық ғылыми жұмыстардың бір орталықтан үйлестірілуі зерттеу бағыттарының үйлесімді дамуына мүмкіндік береді деген байламға келді. Жас ғалымдарды қолдау, олардың ғылыми диссертацияларын сүйемелдеу де көңілге демеу береді.

Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Әділет Тойбаев «Кейбір докторанттардың дисертация тақырыптың қайталануы, көшірілуі секілді мәселелер жеткілікті. Бұл қанатқақты жоба. Егер жемісін берсе, басқа да салаларға енгіземіз» деп, Филология ғылымдары зерттеулерін сараптамалық үйлестіру орталығы жұмысына ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан қолдау болатынын жеткізді. Ал ҚР Президенті жанындағы ҰҒА өкілі Жеңісбек Төлен, ЖОО-лардың жанындағы диссертациялық кеңес төрағалары мен жетекші ғалымдар Фаузия Оразбаева, Дихан Қамзабекұлы, Қалбике Есенова, Анар Фазылжан көтірілген тақырыпқа байланысты жан-жақты пікірлерін білдіріп, келелі ұсыныстарын айтты.

Сондай-ақ, орталықтың бірінші орынбасары Қалбике Есенова Сараптамалық үйлестіру орталығының болашақта жұмыс істеу алгоритмін түсіндіріп берді. Жиын қорытындысында зерттеулердің сапасын күшейту, ғылыми талаптарды жетілдіру және ұлттық ғылыми деректердің цифрлық экожүйесін қалыптастыру арнайы қарар қабылданды.

Сараптамалық үйлестіру орталығы алдағы уақытта да осы бағыттағы жұмыстарын жалғастыра бермек.

Курултай, экология и инвестиции в туризм: в Усть-Каменогорске обсудили проект Новой Конституции с представителями отрасли

В Усть-Каменогорске на площадке Восточно-Казахстанского технического университета имени Д....

Земля, предсказуемые правила и умное сельское хозяйство: в ВКО обсудили, что даст бизнесу Новая Конституция

В Усть-Каменогорске, на площадке Центрального Дома культуры, состоялась встреча...

ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ – НАУРЫЗ: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУДЫҢ РУХАНИ БЕЛЕСІ

Наурыз – адамзат өркениетінің терең тамырынан нәр алған, табиғат...

Жалпыұлттық коалиция өкілдері астаналық дәрігерлерге Конституциялық реформа жобасын түсіндірді

Бүгін «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық...

Ғалымдар жаңа Конституцияға қолдау білдірді

Бүгінгі заман – білім мен ғылымның ғасыры. Осыған орай...