12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Руслан Құлбаев: «Маман ұдайы дамуы керек!»

Камера алдыңғы пландағы кейіпкерді көрсетеді. Ал сол кадрдың артында оны тірілтетін, мағына беретін, уақыт пен кеңістікті сезінетін адам тұрады. Сол жандардың бірі — Құлбаев Руслан Амирханович. Телевидение мен кино саласында ұзақ жыл еңбек етіп келе жатқан маманмен кәсіби жолы, өмірлік ұстанымы және жауапкершілік жайында әңгімелестік.

—  Руслан, көпшілік сізді камера артындағы маман ретінде біледі. Бұл таңдауыңыз саналы шешім болды ма?

  • Иә, бұл — саналы таңдау. Мен ешқашан кадрдың алдыңғы жағына шығуды мақсат еткен жоқпын. Маған әрдайым процестің ішіндегі жауапкершілік қызық болды. Кадрдың қалай «тыныстайтыны», ойдың қалай жеткізілетіні маңыздырақ еді. Кейде бір секундтық үнсіздік сөзден де әсерлі болуы мүмкін. Сол сәттерді сезіну — менің жұмысым.
  • Сіздің медиа саласындағы жолыңыз қалай басталды?
  •  2007 жылы Тараз қаласында «Қазақстан–Тараз» телеарнасында видеоинженер болып бастадым. Бұл кезең мен үшін үлкен мектеп болды. Тәртіп, уақытқа дәлдік, ұқыптылық — бәрі сол жерде қалыптасты. Ол жерде қателікке орын жоқ. Әр секунд, әр дыбыс маңызды. Осы орта менің кәсіби негізімді қалады.
  • Ал «Асыл Арнадағы» ұзақ жылдар сізге не берді?
  •  «Асыл Арна» — менің нағыз қалыптасу кезеңім. 12 жыл бойы режиссер әрі видеоинженер болып жұмыс істедім. Сол жылдары техникадан гөрі мазмұнға көбірек үңіле бастадым. Жобаға тек жұмыс ретінде емес, аманат ретінде қарауды үйрендім. Әр бағдарлама, әр фильм — көрерменмен үнсіз диалог. Әр сәт көрерменнің қалағанын беруден үлкен ләззат алатынмын. Осы жолда өз кәсібімді адал атқардым деп ойлаймын. Ақан Сатаев секілді тұлғалардың мектебінен өттім. Бұл мен үшін үлкен мәртебе.
  • Кино сіз үшін не?
  • Кино — даңқ емес. Кино — ой айту тәсілі. «ДОДА», «Сергелдең», «Шабдалы» фильмдері, «Көке» сериалы — бәрі мен үшін үлкен тәжірибе, ізденіс болды. Кино әлемі арқылы да халыққа ой салуды мақсат еттім. Солай біршама фильмдерде қолтаңбам қалыпты. Мен кадрды әдемі ету үшін емес, мағыналы ету үшін монтаждаймын. Егер көрермен бір сәт ойланып қалса — мақсат орындалды деген сөз.
  • Ал деректі фильмдер ше?
  • Деректі кино — шындыққа ең жақын жанр. Ұлыбритания мен АҚШ-та түсірілген жобалар мені қатты өсірді. «Америка: Табыс тарихы» — жай фильм емес. Бұл — үміт жайлы, еңбек жайлы, өз жолын тапқан адамдар жайлы әңгіме. Шетелде жүріп те ұлттық болмысты жоғалтпауға болатынын көрсеткім келді. Осы оймен түсірген деректі фильмім де көпшіліктің көңілінен шықты деп ойлаймын. Өйткені ойлаған дүниеміз іске асты.

— Сіз көптеген елде болғансыз. Бұл тәжірибе ойыңызға қалай әсер етті?

  • Ел көру — көз ашу ғана емес, ой ашу. Ұлыбритания, АҚШ, Түркия, Сауд Арабиясы, Қырғызстан секілді болған елдерімнің әрқайсысы маған басқа қырынан ойлауды үйретті. Мен ешқашан турист болып барған жоқпын. Әрдайым бақылап, салыстырып, үйренуге тырыстым. Көптеген атақты тұлғалармен тілдестім. Кәсіби біліктілігімді арттыруға тырыстым. Қазір PR саласында, медиада сол тәжірибе қатты көмектесіп жүр. Менің ұстанымым маман ұдайы дамуы керек.
  • Әйгілі боксер  Мэнни Пакьяоның жаттықтырушысы Фриди Роучпен кездескен суретіңізді байқап отырмын.
  • Иә, Мэнни Пакьяоның жаттықтырушысы Фриди Роучпен Америкада кездесіп, сұхбаттастым. Жалпы мені атақты адамдардың жетістікке жету жолы, табысының құпиясы қатты қызықтырады. Сондықтан бұл сұхбат өзіме де қызық болды. Кейбір қазақ боксерларын танитынын, оларға көзқарасы жайлы ойларымен бөлісті. Әр кездескен осындай адамдардың өмірлік ұстанымы, жалпы мақсаты маған қатты ой салады.
  • Подкаст саласында да қолтаңбаңызды қалдырып үлгеріпсіз…
  • Иә, подкаст жанры алғаш елімізге келіп жатқан кезде көп адам біле бермейтін. Біздің ютуб каналдарымыз да бос болатын. Қазақ тілді контент саны өсе берсін деп қолға алғаным рас. Одан бөлек қазақтың ата кәсібі төрт түлік бола тұра, біз қазір осы нәрседен алыстап кеттік.  Кейбір қарапайым нәрселерді білмей жатады қазағымыз. Сондықтан ескі әдет ғұрпымызда ұстанған, ғұмырлық тәжірибе мен қазіргі заманауи жетістіктіктерімізді ұштастырайық деп Maltabu.kz ақпараттық сайты мен ютуб каналында да біраз нәрсе жасадық. Онымыз кейін осы ауылшаруашылығы саласында жүрген біршама адамдарға көмекші құрал болды.

— Қазіргі қызметіңіз туралы айтып өтсеңіз?

— 2022 жылдан бері туризм саласында PR бағытымен жұмыс істеп келемін. Бұл жерде де медиа ойлау, визуал, storytelling өте маңызды. Телевидениедегі тәжірибе бұл салада да өз жемісін беріп жатыр.

  • Сіз — төрт баланың әкесісіз. Отбасы мен жұмысты қалай үйлестіресіз?

— Бұл оңай емес. Бірақ мүмкін. Отбасы — менің ішкі тірегім. Төрт баланың әкесі болу — үлкен жауапкершілік. Бұл мені тәртіпке, сабыр мен тұрақтылыққа үйретті. Жұмыс пен отбасы бір-біріне қарсы емес, керісінше, бірін-бірі күшейтеді.

  • Жас мамандарға қандай кеңес берер едіңіз?
  • Асықпау керек. Атаққа емес, сапаға жұмыс істеу керек. Үйренуден қорықпау керек. Кадр артында қалудан ұялмау керек. Себебі ең үлкен жұмыс көбіне сол жақта жасалады.

 Әңгімеңізге рақмет!

Налоговый кодекс: поиск консенсуса

С 1 ЯНВАРЯ 2026 ГОДА КАЗАХСТАН ВСТУПИЛ В НОВУЮ...

ЖАҢА ӨЗГЕРІС ӨЗIМIЗДЕН БАСТАЛАДЫ

Бүгінде жаңа редакциядағы Конституция әзірленіп, ондағы жаңа ережелер қоғам...

«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Абай университетінде «Заң және тәртіп – әділетті қоғамның негізі»...

Уақыт қажеттілігінен туған жоба

Дәл қазір елімізде жаңа Конституция жобасы жарияланып, талқылану үстінде....

Халық кеңесін құрудың мәні жоғары

Қазақстанның Конституциясы – мемлекет дамуы мен қоғамдағы сенімді нығайтуға,...