Ассамблея жастары мен студенттік ұйымдар жаңа Конституцияны қолдады

Алматы қаласы ҚХА «Ассамблея Жастары» мүшелері Медеу ауданының комьюнити орталығында өткен диалог алаңында жаңа Конституция жобасы мен алдағы референдумды талқылады.

Ал G-35 студенттік өзін-өзі басқару ұйымының қалалық жетекшісі Каби Елікбайдың айтуынша, іс-шараның мақсаты — жаңа Конституция жобасының мәнін жастарға түсіндіру, азаматтық белсенділікті арттыру және ашық диалог мәдениетін дамыту. Ол мұндай диалог алаңдары арқылы ел болашағына әсер ететін өзгерістерді түсіндіріп, жастар пікірін білу маңызды екенін атап өтті.

Ал Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Рустам Қайрыев жаңа Конституция жобасы заман талабына сай екенін айтты.

  • Алдағы референдум алдында біз — Қазақстан халқы Ассамблеясының жастары және G-35 студенттік қауымдастығы — жаңа Конституция жобасын талқылау мақсатында диалог алаңын ұйымдастырдық. Жастарға референдумға шығарылатын жаңа Конституция жобасының жаңашылдықтарды түсіндірдік. Сарапшылардың бағалауынша, соңғы 15 жылда әлемде 3 200-ге жуық саяси реформа жүргізілген. Оның 95%-ы әртүрлі мемлекеттерде оң өзгерістерге әкелген. Жастар арасында бұл реформалардың қажеттілігі туралы сұрақ қойылып жатады.
    Шын мәнінде, әрбір конституциялық реформа уақыт талабынан туындайды. Олар жайдан-жай өзгертілмейді. Мысалы, қолданыстағы Конституцияда азаматтардың цифрлық қауіпсіздігі туралы ештеңе айтылмаған. Ал жаңа жобада бұл мәселе көрсетілген, — деді ол.

Кездесу барысында қатысушылар елдің стратегиялық даму бағыттарын, құқықтық өзгерістердің қоғам өміріне әсерін, сондай-ақ жастардың әлеуметтік-саяси процестердегі рөлін талқылады. Диалог алаңы еркін форматта өтеді, бұл қатысушыларға өз ұсыныстарын білдіруге және сарапшыларға тікелей сұрақтар қоюға мүмкіндік берді.

Тіл – халық қазынасы 

Тіл – халықтың жүрегі, ұлттың рухани болмысы мен мәдениетінің...

Тұрғын үйге арналған жаңа құжат – Кадастрлық паспорт

Мемлекет басшысы 05 сәуір 2023 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір...

Мемлекеттік қызметшінің имиджі мен әдебі

Мемлекеттік қызмет-қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты қамтамасыз ететін маңызды...

АСТАНАДА «COUPE MONDIALE 79» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ЖАБЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

27 тамыз күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қоолдауымен,...

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттік және құқықтық жүйенің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық жүйесінің іргетасы, қоғам...