Бүгін Ақтөбе қаласында «Конституциялық реформа – елдің ұзақ мерзімді дамуының негізі» тақырыбында жастар пікірталасы өтті.

Іс-шараның мақсаты – жаңартылған Конституцияның негізгі ережелерін жан-жақты талқылау, ашық диалог мәдениетін дамыту, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және 15 наурызда өтетін жаңа Конституция бойынша алдағы референдумды қолдауға бағытталған ортақ ұстаным қалыптастыру.

  Жиынды ашқан «Ауыл» партиясы Орталық аппарат басшысының орынбасары Нұрхат Ораш бүгінгі жастар пікірталасы Конституциялық реформаның негізгі бағыттарын түсіну және жастардың қоғамдағы маңызды мәселелерді талқылауына мүмкіндік беретін алаң екенін атап өтті.

  Жиынға қатысушы белсенді жастар Конституцияның жаңа жобасын толықтай қолдайтындықтарын білдірді. Олар бұл реформаны елдің демократиялық бағытын айқындайтын және азаматтық қоғамды нығайтатын тарихи қадам ретінде бағалады. Жастар атап өткендей, жаңа Конституция адам капиталына, білім мен инновацияға басымдық бере отырып, жас буын үшін жаңа әлеуметтік лифтілер мен құқықтық кепілдіктер ашады.                           

Сонымен қатар шараға Ақтөбе облысы жастар басқармасының бөлім басшысы Мади Кемешов, облыстық ЖРО, Жастар бастамаларын қолдау және ұйымдастыру бөлімінің басшысы Дастан Құрманбай және белсенді жастар өз пікірлерін білдірді.

  Жиын соңында қатысушылар жаңа Конституция — өткенді саралап, болашаққа нық қадам жасауға мүмкіндік беретін стратегиялық таңдау деген ортақ байламға келді.

Не карать, а помогать 

В ПОСЛЕДНИЕ ГОДЫ ПРАВООХРАНИТЕЛЬНАЯ СИСТЕМА КАЗАХСТАНА ПЕРЕЖИВАЕТ СУЩЕСТВЕННУЮ ТРАНСФОРМАЦИЮ,...

Судьялар Одағына 30 жыл

Судьялар Одағы 1996 жылғы алғашқы сеъзінде өз жұмысын бастаған,...

В канун Дня Республики Президент наградил граждан, внесших личный вклад в развитие страны

В преддверии Дня Республики президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев подписал...

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...