12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қазақстан ауыл шаруашылығы цифрлық дәуірге қадам басты

Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені дәстүрлі басқару әдістерімен шектелмей, салада цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектке негізделген құралдарды белсенді енгізе бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мамандардың айтуынша, бұл үрдіс өндірістің тиімділігін арттырып қана қоймай, ресурстарды үнемді пайдалануға және барлық үдерістердің ашықтығын қамтамасыз етуге жол ашып отыр.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің дерегіне сәйкес, бүгінде республика бойынша 600-ден астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушісі өз қызметінде цифрлық шешімдерді қолданады.

Бұл көрсеткіш жыл сайын тұрақты түрде өсіп келеді. Себебі фермерлер жаңа технологиялардың нақты нәтижесін көре бастаған,-дейді министрлік.

Салалар бойынша қарастырғанда, цифрландыру ең алдымен өсімдік шаруашылығында қарқынды дамуда.

Қазіргі таңда 400-ге жуық шаруашылық осы бағытта заманауи технологияларды енгізген. Ал мал шаруашылығында цифрлық жүйелерді 200-ден астам кәсіпорын пайдаланады. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласында автоматтандырылған шешімдерге көшкен кәсіпорындар саны 40-тан асады,-деп мәлімдейді Ведомство.

Егіншілік саласындағы жаңа стандарт

Өсімдік шаруашылығындағы цифрландырудың басты бағыты – дәлме-дәл егіншілік технологиялары. Бұл тәсілдің арқасында фермерлер GPS-навигация, дрондар, түрлі сенсорлар мен аналитикалық платформаларды қолдана отырып, топырақтың күйін, егіс алқаптарының жағдайын және ауа райын нақты уақыт режимінде бақылау мүмкіндігіне ие болды.

Министрліктің мәліметінше, мұндай технологиялар тұқым себу жұмыстарын автоматтандыруға, тыңайтқыштар мен өсімдікті қорғау құралдарын қажетті мөлшерде ғана қолдануға жағдай жасайды. Нәтижесінде өнімділік артып, өндірістік шығын азаяды, ал адами фактордың ықпалы айтарлықтай төмендейді.

Мал шаруашылығында да цифрлық бақылау күшейді

Мал шаруашылығы саласында да цифрлық өзгерістер жүйелі түрде жүзеге асуда.

Қазіргі таңда еліміздің түрлі өңірлерінде 100-ден астам заманауи сүт фермасы мен 30-ға жуық бордақылау алаңы жұмыс істейді. Бұл нысандарда IoT жүйелері енгізілген,-дейді министрлік.

Ақылды технологиялар малдың денсаулық көрсеткіштерін, азықтану режимін және қорадағы микроклиматты автоматты түрде бақылап отырады. Мұндай жүйелер өндірістік шығындарды қысқартуға, өнім сапасын арттыруға және малдың өнімділігін тұрақты деңгейде ұстауға мүмкіндік береді.

Цифрландырудың нақты нәтижесін өңірлерден де байқауға болады. Мәселен, Шымкент қаласында 2016 жылы құрылған «Бөрте-Милка» компаниясында барлық өндірістік процесс автоматтандырылған. Мұнда сиырларды саууды, азықтандыруды роботтар атқарады, ал арнайы жүйелер малдың жағдайын үздіксіз бақылауда ұстайды.

Біздің фермадағы негізгі ерекшелік — барлық үдерістің автоматтандырылуы. Роботтар сиырды сауып, жем-шөп береді, ал цифрлық жүйелер малдың денсаулығын қадағалайды, — дейді компания басшысы Бөкейхан Нұралыұлы.

Оның айтуынша, бұл тәсіл еңбек шығынын азайтып, өнім сапасын бір деңгейде сақтауға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда фермада 1500-ден астам ірі қара бар, ал тәуліктік сауым көлемі 19-20 тоннаға жетіп отыр.

Өңдеу саласында да автоматтандыру артып келеді

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласында да цифрлық технологиялар кеңінен енгізілуде. Кәсіпорындар өндірістік үдерістерді басқарудың автоматтандырылған жүйелерін қолдану арқылы жабдықтардың тиімділігін арттырып, өндіріс циклін оңтайландырып, шығындарды қысқартуға қол жеткізіп отыр.

Smart-фермалар саны көбейіп келеді

Министрліктің дерегіне сәйкес, бүгінде Қазақстанда 200-ден астам Smart-ферма жұмыс істейді.

Бұл шаруашылықтарда цифрлық технологиялар кешенді түрде қолданылады. Дрондар, спутниктік навигация, сенсорлар мен цифрлық платформалар егіс жағдайын бақылауға, өнім көлемін алдын ала болжауға және деректерге негізделген басқару шешімдерін қабылдауға мүмкіндік береді,-дейді Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Қай өңірлер көш бастап тұр?

Цифрлық технологияларды енгізу бойынша Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстары мен Жетісу өңірі алдыңғы қатарда келеді. Бұл аймақтарда автоматтандыру, мониторинг және жасанды интеллект элементтері ауыл шаруашылығының күнделікті тәжірибесіне айналып үлгерген.

2026 жылға жоспар қандай?

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Ауыл шаруашылығы министрлігі салалық деректердің анықтығы мен сенімділігін арттыру мақсатында «Е-АӨК» платформасын іске қосуды жоспарлап отыр.

Министрліктің мәліметінше, бұл платформа мемлекетке өндіріс, субсидиялау және инвестициялар бойынша сапалы талдамалық база қалыптастыруға мүмкіндік береді. Ал фермерлер үшін әкімшілік жүктеме азайып, мемлекеттік қызметтер мен қаржылық құралдарға қолжетімділік жеңілдейді. Қаржы ұйымдары өз кезегінде тәуекелдерді бағалаудың жаңа мүмкіндіктеріне ие болады.

Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы саласында көрсетілетін 78 мемлекеттік қызметтің 75-і автоматтандырылған. Өткен жылы 674 мыңнан астам қызмет электронды форматта көрсетілген. Ең көп сұранысқа ие қызметтердің қатарында фитосанитарлық және ветеринарлық сертификаттарды рәсімдеу бар.

Жылыту маусымында газ күрт қымбаттап кетеді

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне газбен жабдықтау және тауарлық газды үнемді тұтыну мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда таныстырды.

Нұрлан Сабуровқа 12 жыл түрме қаупі бар ма? Заңгер мәлімдеме жасады

Қазақстандық әзілкеш Нұрлан Сабуров кезекті даудың ортасында қалды – заңгердің айтуынша, ресейлік әскери құрылымдарды қолдағаны үшін оған 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаупі төніп тұр.

TikTok бір тоқсанда Қазақстанда 1,5 млн-нан астам видеоны бұғаттады

2025 жылдың шілде–қыркүйек айлары аралығында TikTok платформасы Қазақстанда қауымдастық ережелерін бұзғаны үшін 1,5 миллионнан астам видеороликті өшірді.

Работа Конституционной комиссии продолжается

В РАМКАХ ОЧЕРЕДНОГО ЗАСЕДАНИЯ КОНСТИТУЦИОННОЙ КОМИССИИ БЫЛИ РАССМОТРЕНЫ ПРЕДЛОЖЕНИЯ,...

Мемлекет басшысы қолданыстағы Конституцияға баға беріп, Назарбаевтың үлесін де сөз етті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қолданыстағы Конституцияның маңызы мен тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үлесін де сөз етті.