12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Сотталған азаматшаларға кәсіби курстар өткізілді

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының А.А. Дадебай төрағалығымен өткен хаттаманың 3.7-тармағын (№25-52-4, 20.10.2025 ж.) орындау мақсатында Атырау облысы білім беру басқармасының ұйымдастыруымен ҚАЖ мекемелерінде сотталғандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда.
Аталған тапсырма аясында сотталғандарға еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды меңгерту, олардың әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ету және қайта қылмыс жасау қаупін төмендету мақсатында №79 мекемесінің аумағында қысқа мерзімді кәсіби курстар ұйымдастырылды.

Атап айтқанда, шаштараз (ерлер және әйелдер) және косметология мамандықтары бойынша оқыту жүргізілді. Курстарды өз саласының білікті мамандары өткізді:
• Мингалина Анна Юрьевна – «Әйелдерге арналған базалық шаш қию және ауадай жеңіл сәндеу»;
• Есарева Ирина Вячеславовна – «Тиімді жасару және эстетикалық күтім»;
• Обулкан Науырбек Маратұлы – «Заманауи ерлер шаш үлгілері».
Аталған курстарға барлығы 53 сотталған қатысып, практикалық және теориялық білім алды. Оқу барысында қатысушылар нақты дағдыларды меңгеріп, болашақта еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болды.
Өткізілген іс-шара сотталғандардың кәсіби әлеуметін арттыруға, олардың қоғамға қайта бейімделуіне және әлеуметтік тұрғыдан тұрақтануына оң ықпал етті.

Для осужденных женщин проводились курсы профессиональной подготовки

В целях исполнения пункта 3.7 протокола, проведённого Руководителем Администрации...

Жетісу облысында пробация қызметі профилактикалық шара өткізуде

Жетісу облысы Ескелді аудандық пробация қызметі жергілікті полиция қызметкерлерімен...

В области Абай ветеран УИС отметил 90-летний юбилей

В области Абай ветеран уголовно-исполнительной системы Андрейцев Владимир Лукич...