Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті «Тұран» университетінің студенттері үшін Ашық есік күнін өткізді

Департамент «Тұран» университетінің студенттері үшін мемлекеттік қызметке түсу және оны өткеру саласындағы заманауи тәсілдермен таныстыруға бағытталған Ашық есік күнін өткізді.

Іс-шара барысында студенттерге Департаменттің қызметі таныстырылып, мемлекеттік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау, мемлекеттік қызметтерді басқару, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жүйесін басқару мәселелері қамтылды.

Кездесу барысында жоғары оқу орындарының түлектері үшін мемлекеттік қызметтің тартымдылығы ерекше атап өтілді. Қатысушыларға кәсіби даму, мансаптық өсу мүмкіндіктері, қоғам игілігі жолындағы қызметтің әлеуметтік маңыздылығы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет жүйесінің тұрақтылығы мен ашықтығы туралы ақпарат берілді.

Жеке блок ретінде мемлекеттік қызметке қабылдаудың жеңілдетілген тәртібі жүзеге асырылатын «Е-қызмет» цифрлық платформасы таныстырылды. Студенттерге іріктеу барысында кәсіби біліммен қатар эмоционалдық интеллектті бағалау қолданылатыны түсіндірілді. Бұл үміткерлердің коммуникациялық дағдыларын, күйзеліске төзімділігін, жауапкершілік деңгейін және қоғамға қызмет етуге бағдарлануын айқындауға мүмкіндік береді. Аталған тәсіл клиентке бағдарланған және этикалық тұрғыдан орнықты мемлекеттік қызметшілер корпусын қалыптастыруға ықпал етеді.

Сонымен қатар, кездесу аясында студенттер сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға бағытталған профилактикалық шаралармен, және мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен, адалдық мәдениетін қалыптастыру және антикоррупциялық стандарттарды қатаң сақтау мәселелерімен таныстырылды.

Іс-шараның маңызды акценті ретінде жоғары оқу орындарының түлектері мемлекеттік қызметке жұмыс тәжірибесінсіз, оның ішінде төменгі әкімшілік лауазымдарға қабылдана алатыны түсіндірілді. Жас мамандардың жоғары сұранысқа ие екені, сондай-ақ олардың мемлекеттік аппаратты жаңғырту мен цифрлық трансформациялау үдерісіндегі рөлі атап өтілді.

Ашық есік күні қорытындысы бойынша студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, мемлекеттік қызметке түсуге дайындық бойынша практикалық ұсынымдармен танысты. Мұндай іс-шаралар жастардың мемлекеттік қызметке деген қызығушылығын арттырып, мемлекеттік басқару институттарына деген сенімді нығайтуға ықпал етеді

            Мурзагельдинова В.С. Департаментің мемлекеттік қызмет басқарма басшысы 

Қос дипломнан – жаңа белеске: Еуразия ұлттық университеті мен Наньнин педагогикалық университеті Қытайда бірлескен институт ашты

Қытай Халық Республикасындағы Наньнин педагогикалық университетінде Л.Н. Гумилев атындағы...

Профилактикалық тексеру

Алматы қаласы Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №11 мекемесінде...

Сот отырысын ұйымдастырудың маңызы мен тәртібі

Сот төрелігін жүзеге асыру – кез келген құқықтықмемлекет жағдайында...

INTEGRA CITY представляет AI-технологии для экосистемы цифрового управления городами на GITEX Africa 2026

Международная группа компаний INTEGRA CITY принимает участие в выставке...