Ерлі-зайыптылардың бірін-бірі күтіп-бағу жөніндегі міндеттері

Әр түрлі жағдайларға байланысты алименттерді төлеу немесе өндіріп алу қажеттілігі туындауы мүмкін.

Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 20-тарауында ерлі-зайыптылардың және бұрынғы ерлі-зайыптылардың алименттік міндеттемелері көзделген.

Атап айтқанда, Кодекстің 147-бабына сай  ерлі-зайыптылар бірін-бірі материалдық жағынан қолдауға міндетті.

Егер, мұндай қолдаудан бас тартқан және ерлі-зайыптылардың арасында алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда, алимент төлеуге қажетті қаражаты бар екінші жұбайдан немесе бұрынғы жұбайынан:

      1) еңбекке жарамсыз мұқтаж жұбайының;

      2) жүктілігі кезеңінде және ортақ баласы туған күннен бастап үш жыл бойы зайыбының;

      3) ортақ мүгедек баланы он сегіз жасқа толғанға дейін бағып-күтуді жүзеге асырып отырған, сондай-ақ он сегіз жасқа толған соң ортақ мүгедек балаға I-II топтағы мүгедектік белгіленген жағдайда көмекке мұқтаж жұбайының алимент төлеуді сот тәртібімен талап етуге құқығы бар.

Алименттер мөлшерін және төлеу тәртібін сот анықтайды.

Кодекстің 150-бабына сай сот бұрынғы жұбайына алименттерді төлеуден босатуы немесе белгілі бір мерзімге шектеуі мүмкін,

  1. егер көмекке мұқтаж жұбайының еңбекке қабілетсіздігі құмар ойындарға, бәс тігуге, спирттік ішімдіктерге, есірткі, психотроптық заттарға, сол тектестерге салынуы салдарынан немесе оның қасақана қылмыстық құқық бұзушылық жасауы салдарынан орын алса;
  2. ерлі-зайыптылар некеде (ерлі-зайыптылықта) ұзақ тұрмаған (бес жылға дейін) болса;
  3. алимент төлеуді талап ететін жұбай отбасында лайықсыз мінез-құлық көрсеткен жағдайларда.

      Сонымен қатар, сот шешімімен күтіп-бағуға құқығы бар жұбайы жаңа некеге отырса (ерлі-зайыпты болса), осы Кодекстің 148-бабында көзделген мән-жайлар жойылса бұрынғы жұбайын күтіп-бағу жөніндегі міндет тоқтатылады.

Маңғыстау облысының кәмелетке

толмағандардың істері жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының

судьясы М.М.Джумаева

Надежный мост между государством и обществом 

В этом году административная юстиция Республики Казахстан отмечает 5-летие...

Правовой компас 

С 1 СЕНТЯБРЯ 2026 ГОДА В УЧЕБНОМ РАСПИСАНИИ КАЗАХСТАНСКИХ...

«Вершины, которые мы выбираем»

1 ИЮЛЯ 2026 ГОДА – ДАТА, КОТОРАЯ ВОЙДЕТ В...

Ментальность карманника: жизнь за чужой счет 

КАРМАННАЯ КРАЖА СУЩЕСТВУЕТ РОВНО СТОЛЬКО ЖЕ, СКОЛЬКО СУЩЕСТВУЮТ МНОГОЛЮДНЫЕ...

Цена одной процессуальной ошибки

В 2021 ГОДУ КАЗАХСТАН СДЕЛАЛ ОДИН ИЗ САМЫХ СЕРЬЕЗНЫХ...